23
желтоқсан
2024
№6 Оқушылар үйінің ұжымы балаларға арналған Жаңа жылдық "Ғажайып сәт" атты ертегі- спектакль ұйымдастырды.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында және Жаңа жыл-2025 мерекесі карсаңында N6 Оқушылар үйінің ұжымы балаларға арналған Жаңа жылдық "Ғажайып сәт" атты ертегі- спектакль ұйымдастырды. Сахналық қойылымды тамашалауға қаламыздың кішкетай көрермендері мен ата - аналары келді. Олар ғажайып ертегіде жақсылыққа ұмтылған сиқырлы орман кейіпкерлерімен бірге болып, жамандық жасауды жақсы көретін Мыстанкемпір мен оның досы Кикимораны жеңді, олар балалардан кешірім сұрады. Балалар біздің ертегі кейіпкерлерімен бірге билеп, түрлі ойындарға қатысты. Ақшақар мен Аяз ата басқарған орман аңдары балаларға естен кетпес Ғажайып сәт сыйлады. Солтүстіктен келген ең үлкен Ақ аюдың биі кішкентай көрермендерді таңғалдырды. Ғажайыпқа сенетін сәби жүрек ерекше әсер алды. Ата - аналар N6 Оқушылар үйінің еңбекқор ұжымына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Сонымен қатар, Түрксіб ауданының Әкімдігінің қолдауымен "Ғажайып сәт" атты Жаңа жылдық ертегіні тамашалауға ауданымыздың көп балалы отбасының балалары мен мүмкіндігі шектеулі балалар да келді. Оларға ертегі біткен соң Жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.





