"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы" тақырыбында ақын, Қазақстанның халық жазушысы Баян Қадірбайқызы Бекетовамен кездесу өтті. » «№6 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Есепші бөлімі:
+7(727) 296-38-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы" тақырыбында ақын, Қазақстанның халық жазушысы Баян Қадірбайқызы Бекетовамен кездесу өтті.
17
қаңтар
2025

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы" тақырыбында ақын, Қазақстанның халық жазушысы Баян Қадірбайқызы Бекетовамен кездесу өтті.

Алматы қаласы Білім басқармасы "N6 Оқушылар үйі" КМҚК ЮНЕСКО Клубының акт залында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы" тақырыбында ақын, Қазақстанның  халық жазушысы,  ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлінің 90 жасқа толуына байланысты еске алу әдеби кешінде ІІ Халықаралық Түркі поэзиясы фестивалінің лауреаты.," Сорос Қазақстан» Халықаралық қорының «Қазіргі заман поэзиясы» бәйгесінің жеңімпазы, Алматы қалалық әкімдігінің Абай оқулары, Қала күніне арналған қалалық ақындар мүшәйрасының, тағы басқа көптеген жыр мүшәйраларының жүлдегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты және "Құрмет» ордені мен "Тіл ардагері» төсбелгісінің иегері, өзінің жеке жыр жинақтары бар журналист, ақын, қазақтың қайсар қызы Баян Қадірбайқызы Бекетовамен кездесуді N6 Оқушылар үйінің әдістемелік бөлімі ұйымдастырды. .Кездесу Алматы қаласының N1 балалар кітапханасының меңгерушісінің қолдауымен өтті. Әдеби кешке Түрксіб ауданының оқушылары қатысты. Ақын Баян Қадірбайқызы жазушы Қадыр Мырза Әлінің ерекше қасиеттерін айтып, естеліктерімен бөлісті. Баян Қадірбайқызы балаларға өз шығармаларынан үзінді оқып берді. Ал, оқушылар ақын Қадыр Ғинаятұлының өлеңдерін оқыды. N6 Оқушылар үйінің "Сенім" үлгілі вокалды хор студиясы ән шырқап, N83 гимназияның шәкірттері күй шертіп берді. Кеш соңында Баян Қадірбайқызы естелікке журнал, кітаптарына қолтаңба қалдырып,
балалармен суретке түсті. Шығармашылық кеш рухани құндылықтарды дәріптеуде балаларға пайдасы зор болды және олар осы кештен керемет әсер алды. Ұйымдастырушылар: N1 балалар кітапханасы мен Сыздықбаева Ш.Б, Джанузакова К.Р.









Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив