30 тамыз -Қазақстан Республикасының Конституция күні
Қазақстан Республикасының Конституция күні
29 тамыз 2023 жылы сағат 18.00-де Алматы қаласы Білім басқармасы «№6 Оқушылар үйі Юнеско клубы» алаңында 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай, концерт ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараның ашылуы кезінде Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының курсанттары ҚР-ның Туын алып шығып, «Сенім» үлгілі вокалдық-хор ансамблі ҚР-ның Әнұранын шырқады. Концертке Оқушылар үйінің шығармашылық ұжымы қатысты. 150-ге жуық жас өнерпаздар өнер көрсетті. Концертті тамашалауға 200-дей көрермен келді. 3 сағатқа созылған мерекелік концертте жас жеткіншектер ең көркем билерін билеп, әртүрлі әсем әндерін әуелете шырқады. Іс-шараның жүргізушілері яғни, Оқушылар үйінің педагогтары көрермендер арасында ҚР-ның Конституциясына байланысты сұрақтар қойып, ойын ұйымдастырды. Ал, кешке қарай аудан тұрғындары үшін қазақстандық киноматографиядан фильм көрсетілді.


