№6 Оқушылар үйінің үйірме шәкірттері арасында «Сыбайлас жемқорлық -
Алматы қаласы, Білім басқармасы №6 Оқушылар үйінің үйірме шәкірттері арасында «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың түрлері, оның қоғамға тигізетін зияны, адалдық принциптерінің маңызы туралы мәлімет беріліп, нақты мысалдар келтірілді. Шара оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыруға және азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал етті. Ұйымдастырушы: әдістемелік бөлім меңгерушісі