Мұғалімдер » Страница 2 » «№6 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Есепші бөлімі:
+7(727) 296-38-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Дәстүрлі ән" үйірмесінің педагогы Оралхан Әсет Төрегелдіұлы "Заманбегім заңғарым" әнін Жусупов Нұржан әншімен бірге шырқады.
22
қараша
2024
"Дәстүрлі ән" үйірмесінің педагогы Оралхан Әсет Төрегелдіұлы
№6 Оқушылар үйінің "Дәстүрлі ән" үйірмесінің педагогы Оралхан Әсет Төрегелдіұлы "Заманбегім заңғарым" әнін Жусупов Нұржан әншімен бірге шырқады. Заманбек Нұрқаділов-саясаткер, қоғам қайраткері, қазақ халқының жанашыр тұлғасы, Кеңес өкіметі кезінде лауазымды қызмет атқарған ардақты азамат. Халықтың жүрегіне жол тартқан әнді ұстазымыз Әсет Төрегелдіұлының орындауында баршаңызға ұсынамыз.
№6 Оқушылар  үйінде "Мәңгілік ел әуендері" атты аудандық мектеп оқушыларынан құралған хор ұжымдары арасында  өнер байқауы ұйымдастырылды.
21
қараша
2024
№6 Оқушылар үйінде "Мәңгілік ел әуендері" атты аудандық мектеп
№6 Оқушылар үйінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай, "Мәңгілік ел әуендері" атты аудандық мектеп оқушыларынан құралған хор ұжымдары арасында өткен өнер байқауының Түрксіб аудандық іріктеу кезеңі өтті. Байқауға ауданымыздың жас хор ұжымдары қатысып, "Жас талант" хор ұжымы, N198 мектеп - гимназия оқушылары Бас жүлдені жеңіп алды. Ал, 1 орынды "Көкек" хор ұжымы яғни, N83 гимназия оқушылары иеленді. Осы хор ұжымдары қалалық байқауда бақ
"ОЮ" бейнелеу және қолданбалы өнер студиясының оқушыларымен пленер өткізілді.
02
қараша
2024
"ОЮ" бейнелеу және қолданбалы өнер студиясының оқушыларымен пленер
 Оқушылар үйіндегі саябақта "Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "ОЮ" бейнелеу және қолданбалы өнер студиясының оқушыларымен пленер өткізілді.Балалар табиғат аясында, күз мезгілінің көркем пейзажын ақ қағазға бейнелеп сурет салды.Түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Жетекшісі Файзолла Алтынай Оралбекқызы.
"Домбырамен ән айту" үйірмесінің шәкірттері "Алтын құлын" атты дәстүрлі ән,жыр-терме жас орындаушыларының республикалық байқауына қатысты.
01
қараша
2024
"Домбырамен ән айту" үйірмесінің шәкірттері "Алтын құлын" атты
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Домбырамен ән айту" үйірмесінің шәкірттері РҚББОӘ орталығы ұйымдастырған "Алтын құлын" атты дәстүрлі ән,жыр-терме жас орындаушыларының республикалық байқауына қатысып, сертификатқа ие болды. Жетекшісі Жумадуллаева Г. А.
"Еркеназ" би ансамблінің шәкірттері Түркия елінің Алания қаласында өткен Халықаралық ән - би фестиваліне қатысты.
01
қараша
2024
"Еркеназ" би ансамблінің шәкірттері Түркия елінің Алания қаласында
 Біздің Оқушылар үйінің "Еркеназ" би ансамблінің шәкірттері Түркия елінің Алания қаласында өткен Халықаралық ән - би фестиваліне қатысты. Олар  сертификат алды.Бұл фестивальда Украина, Болгария, Румыния , Литвания, Грузия, Солтүстік Кипр, Молдовия т. б мемлекеттердің өнерпаздары қатысты. Жетекшісі Айдарова Г. М.
«ОЮ» бейнелеу және қолданбалы өнер студиясы мен «Волшебники» қолданбалы өнер шеберханасының балалары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында болды.
31
қазан
2024
«ОЮ» бейнелеу және қолданбалы өнер студиясы мен «Волшебники»
 «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «ОЮ» бейнелеу және қолданбалы өнер студиясы мен «Волшебники» қолданбалы өнер шеберханасының балалары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында болды.Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы – Қазақстандағы ең ірі өнер мұражайы және бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу, мәдени және білім беру орталығы.  Сапар соңында балалар мұражай қызметкерлеріне өте танымдық экскурсия үшін алғыстарын білдірді.
"Шуақ" театр үйірмесінің шәкірттері Ғабит Мүсірепов атындағы Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына  барды.
28
қазан
2024
"Шуақ" театр үйірмесінің шәкірттері Ғабит Мүсірепов атындағы
 Оқушылар үйінің "Шуақ" театр үйірмесінің шәкірттері Ғабит Мүсірепов атындағы Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында болып, "Әріптер әлеміне саяхат" ертегісін тамашалады. Балалар спектакльден керемет әсер алып, театр ішіндегі суреттер мен әдемі жерлерді аралап қайтты. Жетекшісі Қайырбекова А. Қ.
"RAYAN" вокалдық ансамблінің шәкірттері Есік қаласындағы "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына барды.
25
қазан
2024
"RAYAN" вокалдық ансамблінің шәкірттері Есік қаласындағы "Есік"
 N6 Оқушылар үйінің "RAYAN" вокалдық ансамблінің шәкірттері "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында, Есік қаласындағы "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайымен танысып, Алтын адам тарихын еске түсірді. Балалар мұражайда ерте заманда өмір сүрген адамдардың тұрмыс - тіршілігін тамашалап, ерекше әсер алды. Көркемдік жетекшісі Эльмира Ерболғанқызы Абдолданова.
«Гитара» үйірмесінің балалары музыкалық аспаптар мұражайын тамашалады.
25
қазан
2024
«Гитара» үйірмесінің балалары музыкалық аспаптар мұражайын тамашалады.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Гитара» үйірмесінің балалары музыкалық аспаптар мұражайын тамашалады. Балалар ежелгі адамдардың әртүрлі музыкалық аспаптарымен танысуға қызығушылық танытты. Жетекшісі Штомпель В.А.
25 қазан - Республика күні мерекесіне арналған концерт ұйымдастырылды.
24
қазан
2024
25 қазан - Республика күні мерекесіне арналған концерт ұйымдастырылды.
Оқушылар үйінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында, 25 қазан - Республика күні мерекесіне арналған концерт ұйымдастырылды. Концертке қатысқан өнерпаз шәкірттер патриоттық рухта әндер шырқап, би билеп, Қазақстан Республикасының Гимнін орындады. Оқушылар үйінің ұжымы және шәкірттері қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтайды.