Мақтанышымыз » Страница 15 » «№6 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Есепші бөлімі:
+7(727) 296-38-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Волшебники"  шығармашылық шеберханасы үйірмесінде  «Күз сыйлары» тақырыбында шағын іс-шара өтті.
07
қараша
2023
"Волшебники" шығармашылық шеберханасы үйірмесінде «Күз сыйлары»
"Волшебники"  шығармашылық шеберханасы үйірмесінде  «Күз сыйлары» тақырыбында шағын іс-шара өтті.Мерекенің мақсаты – балалар мен ата-аналарға қуанышты жағдай туғызу. Мерекеде тақпақтар айтылды және  ойындар мен викториналар болды. Балалар алдын ала табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесін дайындады.Мерекеміздің сәні әрине, достарымен келген әсем Күз болды. Ұйымдастырушы "Волшебники"  шығармашылық шеберханасы үйірмесінің педагогы: Колесникова Л.П.
Алматы қаласы  бойынша Тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан жасөспірімдер  арасында ашық біріншілік өтті.
04
қараша
2023
Алматы қаласы бойынша Тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан жасөспірімдер
Оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында Тоғызқұмалақ ұлттық ойынымыздан Алматы қаласы жасөспірімдері арасында ашық біріншілігінде орын алған №6 Оқушылар үйінің оқушылары белсенді қатысты: 1- орын Сабыржан Нұрай 2 -орын Айдар Бернар 3- орын Дүйсенбек Ерлан  2 -орын Алибек Инжу 3- орын Дүйсенбек Аружан 3- орын Маткен Ильяс 2- орын Ережеп Інжу 3- орын Амангелді Нұрали 2 -орын Бектенбаева Алина 3 -орын Амангелді Нұрали 3 -орын Муслимханов Адильжан Ұйымдастырушы "Тоғызқұмалақ"
"Ұстаздың жанған жүрегі" атты үздік құттықтау байқауына қатысып,шәкірттер жүлделі орындарға ие  болды.
02
қараша
2023
"Ұстаздың жанған жүрегі" атты үздік құттықтау байқауына
"Волшебники" қолданбалы шығармашылық шеберханасы  5 қазанда өткен  Дүниежүзілік мұғалімдер күніне арналған «Ұстаздың жанған жүрегі» атты үздік құттықтау байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.Оқушылар: Агния Горбачева мен Әкім Малика 1-орын, Рашит Айзере, Ким Софья, Жукова Роксана 2- орынға ие болды. Ненашев Олег, Серікбекова Балжан және Галина Мозговая 3-орынға ие болды.Әрине, біздің ұжымдық жұмысымыз да 2- орынға ие болды.Байқау республикалық форматта Абай атындағы Ұлттық педагогикалық
Астана қаласында өткен "Қазақстан таланттары" халықаралық байқауының жүлдегері Нұрболат Еркежан ІІ орын иегері  атанды.
01
қараша
2023
Астана қаласында өткен "Қазақстан таланттары" халықаралық байқауының
№6 Оқушылар үйінің "Домбырамен  ән  айту"  үйірмесінің  шәкірті Астана қаласында өткен "Қазақстан таланттары" атты  халықаралық байқауының жүлдегері Нұрболат Еркежан ІІ орын иегері  атанды. Дүбірлі додаға "Дәстүрлі ән" жанры бойынша  қатысқан Еркежан қазақтың   киелі домбырасымен   ән  айтып, жүлделі орынға  ие  болды және бірнеше шет ел байқауларының  өз  таңдауы бойынша біреуіне баратын жолдама алды. Нұрболат Еркежанның ұстазы Оралхан Әсет Төрегелдіұлы.
25 қазан -Республика күні мерекесіне орай, Оқушылар үйінде шәкірттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жоғары көтеріп, ұстаздарымен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін асқақтата шырқады.
25
қазан
2023
25 қазан -Республика күні мерекесіне орай, Оқушылар үйінде шәкірттер
Бүгін яғни, 25 қазан -Республика күні мерекесіне орай, Оқушылар үйінде шәкірттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жоғары көтеріп, ұстаздарымен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін асқақтата шырқады. Осы ұлттық мереке күні халқымызға зор денсаулық, бақытты өмір, бейбітшілік пен амандық тілейміз. Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын! Мереке құтты болсын!
25 қазан -Республика күні мерекесіне орай, Оқушылар үйінде шәкірттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жоғары көтеріп, ұстаздарымен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін асқақтата шырқады.
25
қазан
2023
25 қазан -Республика күні мерекесіне орай, Оқушылар үйінде шәкірттер
Бүгін яғни, 25 қазан -Республика күні мерекесіне орай, Оқушылар үйінде шәкірттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жоғары көтеріп, ұстаздарымен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін асқақтата шырқады. Осы ұлттық мереке күні халқымызға зор денсаулық, бақытты өмір, бейбітшілік пен амандық тілейміз. Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын! Мереке құтты болсын!
25 қазан -Республика күні  мерекесіне орай,  айтыс ұйымдастырылды.
23
қазан
2023
25 қазан -Республика күні мерекесіне орай, айтыс ұйымдастырылды.
Оқушылар үйінде үйірмешілерге арналған 25 қазан -Республика күні  мерекесіне орай,  айтыс ұйымдастырылды.Айтысқа "Домбыра" үйірмесі мен "Домбырада ән айту" үйірмесінің оқушылары  қатысты.Олар айтысты қызықты,  тартысты өткізді. Айтысты ұйымдастырған әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Сыздықбаева Шекер  Бекетқызы болды. Оқушылар  айтыс өнерін ары  қарай жалғастыруға ниет білдірді. 
25 қазан -Республика күні мерекесіне орай, үлкен аудандық  концерт ұйымдастырылды.
23
қазан
2023
25 қазан -Республика күні мерекесіне орай, үлкен аудандық концерт
Оқушылар үйінде 25-қазан -Республика күні мерекесіне орай, үлкен аудандық  концерт ұйымдастырылды. Халықтың рухын көтеруге,мемлекетті нығайтуға, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды арттыруға арналған мерекеде жас  өнерпаздар патриоттық рухта өнер көрсетті.   "Сенім" үлгілі вокалды-хор ансамблі шәкірттері  Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқап концертті ашты. Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Әміров Ермек Айтпайұлы Оқушылар үйінде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген,  еңбек өтілі 40  жылдан 
"Сенім" үлгілі вокалды-хор ансамблі  үйірмесінде "Темірбек Жүргеновтің  өмірі мен қызметі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
17
қазан
2023
"Сенім" үлгілі вокалды-хор ансамблі үйірмесінде "Темірбек
"Сенім" үлгілі вокалды-хор ансамблі  үйірмесінде "Темірбек Жүргеновтің  өмірі мен қызметі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің мақсаты: саналы ғұмырын жаңа қоғамның құрылысына арнаған қазақ зиялылары тобының өкілі Т.Қ. Жүргеновтің өмірі мен қызметін терең түсіндіру. Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеп, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет қасиеттерін арттыру, жастардың  шығармашылық, рухани және зияткерлік әлеуетінің мүмкіндіктерін ашу. Дөңгелек үстелге қатысқан үйірмешілерге
"16 қазан-Дүниежүзілік нан күні"  мерекесіне орай қолөнер жұмысы ұйымдастырылды.
16
қазан
2023
"16 қазан-Дүниежүзілік нан күні" мерекесіне орай қолөнер жұмысы
Әлемдегі ең танымал өнімдердің бірі, әрине  нан. Сондықтан оның жыл сайын 16 қазанда атап өтілетін өз мерекесі – Дүниежүзілік нан күні болуы ғажап емес. Осындай тамаша күнге орай «Волшебники» қолданбалы өнер шеберханасы үйірмесінде  тақырыптық сабақ өткізілді. Үйірме ұстазы Колесникова Л.П. шәкірттерге қандай нан, қалай өсірілетінін айтып берді, оқушылар  декоративті  гофрленген қағаздан гүл, бидай  шоғын жасады.