Мақтанышымыз » Страница 8 » «№6 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Есепші бөлімі:
+7(727) 296-38-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Еркеназ" би ансамблінің шәкірттері Түркия елінің Алания қаласында өткен Халықаралық ән - би фестиваліне қатысты.
01
қараша
2024
"Еркеназ" би ансамблінің шәкірттері Түркия елінің Алания қаласында
 Біздің Оқушылар үйінің "Еркеназ" би ансамблінің шәкірттері Түркия елінің Алания қаласында өткен Халықаралық ән - би фестиваліне қатысты. Олар  сертификат алды.Бұл фестивальда Украина, Болгария, Румыния , Литвания, Грузия, Солтүстік Кипр, Молдовия т. б мемлекеттердің өнерпаздары қатысты. Жетекшісі Айдарова Г. М.
"Renaissans" сән театры үйірмесінің балалары «MEGA» сауда орталығындағы  кинотеатрға барды.
31
қазан
2024
"Renaissans" сән театры үйірмесінің балалары «MEGA» сауда
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында  "Renaissans" сән театры үйірмесінің балалары «MEGA» сауда орталығындағы  кинотеатрға барды. Балалар  фильмнен алған әсерлеріне риза болды. Жетекшісі  Рябко Н.И.  
«ОЮ» бейнелеу және қолданбалы өнер студиясы мен «Волшебники» қолданбалы өнер шеберханасының балалары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында болды.
31
қазан
2024
«ОЮ» бейнелеу және қолданбалы өнер студиясы мен «Волшебники»
 «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «ОЮ» бейнелеу және қолданбалы өнер студиясы мен «Волшебники» қолданбалы өнер шеберханасының балалары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында болды.Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы – Қазақстандағы ең ірі өнер мұражайы және бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу, мәдени және білім беру орталығы.  Сапар соңында балалар мұражай қызметкерлеріне өте танымдық экскурсия үшін алғыстарын білдірді.
" SALTANAT" үлгілі қолданбалы шығармашылық қолөнер үйірмесінің шәкірттері мен "Жұлдыз - ай" би үйірмесінің шәкірттері "MART" сауда орталығындағы кинотеатрға барды.
30
қазан
2024
" SALTANAT" үлгілі қолданбалы шығармашылық қолөнер үйірмесінің
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында, балалардың күзгі демалыс күндерінде Оқушылар үйінің " SALTANAT" үлгілі қолданбалы шығармашылық қолөнер үйірмесінің шәкірттері мен "Жұлдыз - ай" би үйірмесінің шәкірттері "MART" сауда орталығындағы кинотеатрға барып, "Әке мен қызының саяхаты" деген киноны тамашалады. Балалар кинодан кейін, қызықты ойындарға қатысып, бос уақыттарын көңілді өткізді. Ұйымдастырушылар үйірме жетекшілері Абдильдина С. Б., Смаил Айнур. 
"Волшебники" қолданбалы өнер шеберханасының балалары Балмұздақ және тәттілер мұражайына барды.
29
қазан
2024
"Волшебники" қолданбалы өнер шеберханасының балалары Балмұздақ және
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Волшебники» қолданбалы өнер шеберханасының балалары Балмұздақ және тәттілер мұражайына барды. Олар балмұздақ пен тәттілердің шығу тарихымен танысты.  Балмұздақ шығаратын мұражайда  болып, Беларусь елінде өндірілген жұмсақ балмұздақтың дәмін татып көрді. Экскурссиядан кейін балаларға  шеберлік сабақтар  ұсынылды. Бұл балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына да қызықты болды. Жетекшісі Колесникова Л.П.
"Шуақ" театр үйірмесінің шәкірттері Ғабит Мүсірепов атындағы Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына  барды.
28
қазан
2024
"Шуақ" театр үйірмесінің шәкірттері Ғабит Мүсірепов атындағы
 Оқушылар үйінің "Шуақ" театр үйірмесінің шәкірттері Ғабит Мүсірепов атындағы Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында болып, "Әріптер әлеміне саяхат" ертегісін тамашалады. Балалар спектакльден керемет әсер алып, театр ішіндегі суреттер мен әдемі жерлерді аралап қайтты. Жетекшісі Қайырбекова А. Қ.
"RAYAN" вокалдық ансамблінің шәкірттері Есік қаласындағы "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына барды.
25
қазан
2024
"RAYAN" вокалдық ансамблінің шәкірттері Есік қаласындағы "Есік"
 N6 Оқушылар үйінің "RAYAN" вокалдық ансамблінің шәкірттері "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында, Есік қаласындағы "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайымен танысып, Алтын адам тарихын еске түсірді. Балалар мұражайда ерте заманда өмір сүрген адамдардың тұрмыс - тіршілігін тамашалап, ерекше әсер алды. Көркемдік жетекшісі Эльмира Ерболғанқызы Абдолданова.
«Гитара» үйірмесінің балалары музыкалық аспаптар мұражайын тамашалады.
25
қазан
2024
«Гитара» үйірмесінің балалары музыкалық аспаптар мұражайын тамашалады.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Гитара» үйірмесінің балалары музыкалық аспаптар мұражайын тамашалады. Балалар ежелгі адамдардың әртүрлі музыкалық аспаптарымен танысуға қызығушылық танытты. Жетекшісі Штомпель В.А.
25 қазан - Республика күні мерекесіне арналған концерт ұйымдастырылды.
24
қазан
2024
25 қазан - Республика күні мерекесіне арналған концерт ұйымдастырылды.
Оқушылар үйінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында, 25 қазан - Республика күні мерекесіне арналған концерт ұйымдастырылды. Концертке қатысқан өнерпаз шәкірттер патриоттық рухта әндер шырқап, би билеп, Қазақстан Республикасының Гимнін орындады. Оқушылар үйінің ұжымы және шәкірттері қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтайды.
25 қазан-Республика күніне орай аудандық сурет көрмесі өтті.
23
қазан
2024
25 қазан-Республика күніне орай аудандық сурет көрмесі өтті.
 "Біртұтас тәрбие"бағдарламасы аясында Оқушылар үйінде 25 қазан-Республика күніне орай аудандық сурет көрмесі өтті.