17
қыркүйек
2023
"Қала күні" мерекесіне орай үлкен концерт ұйымдастырылды.
"Қала күн" мерекесіне орай өткен үлкен концертте Оқушылар үйінің өнерпаздары өнерлерімен қала тұрғындарын қуантты. Көптеп жиналған көрермендер оларға ризашылығын білдірді. Концертте әртүрлі жанрда өнер көрсеткен шәкірттер Алматы қаласының ең дәмді апорттарын халыққа ұсынды. Сүйікті қала Алматы туралы әуелеген ән қала аспанына қалықтап, алыстан естіліп жатты. Осы іс - шараға үлкен үлес қосқан "Сенім" үлгілі вокалды- хор ансамбль үйірмесінің әнші балалары, "Raian" вокал ансамбль үйірмесі, "Экзерсис" би студия үйірмесі, "Дженнетик" би студиясы үйірмесінің өнерпаздары белсенді қатысты.






