«Біз - күн перзентіміз» атты ІІІ Халықаралық фестиваль- байқау туралы
«Біз - күн перзентіміз» атты ІІІ Халықаралық фестиваль- байқау туралы
2023 жылдың 07.09-11.09 аралығында Ақтау қаласында Маңғыстау облысының 50 жылдығына және Ақтау қаласының 60 жылдығына орай, «Біз - күн перзентіміз» атты ІІІ Халықаралық балалар шығармашылығына арналған фестиваль ұйымдастырылды. ІІІ Халықаралық фестивальдің басты мақсаты - балалардың шығармашылығы мен қарым-қабілетін шыңдап, дарыны мен дағдыларын дамыту. Халықаралық фестиваль-байқауға Болгария, Армения, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан елдерімен қоса Қазақстанның түкпір-түкпірінен талантты 200 үміткерлер қатысты. Осы байқау - фестивальға Алматы қаласы Білім басқармасы «№6 Оқушылар үйі» ЮНЕСКО КЛУБЫ «Сенім» үлгілі вокалды-хор студиясының шәкірті Чжэн Илья «Вокал» номинациясы бойынша қатысып, ІІІ орынға ие болды. Чжэн Ильяның жетекшісі- Кудерина Турсынай Метербаевна Оқушылар үйінің жас өнерпаз таланттарын қанаттандырып, оларға өнер жолының биік шыңына жетуіне үлкен үлес қосып, аянбай еңбек етіп келе жатқан ардықты ұстаз. Халықаралық фестиваль- «Біз- күн перзентіміз» балалар шығармашылық байқауы –перзенттеріміздің шуақты шаралардың бірі. Бұл байқау жас таланттарға жаңа шығармашылық тәжірибе, өскелең ұрпақтарға өнер шыңына жетуіне, өнер арасындағы достықты нығайту болып табылады.


