«Мектепке жол» акциясы іс – шарасы туралы
«Мектепке жол» акциясы іс – шарасы туралы
Жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының осы сәттегі қиыншылықтарын жеңуге бағытталған игі шара 25.08.2023 жылы «JOS» финанс лицейінде Түрксіб ауданының Әкімдігі аппаратының қолдауымен және №6 Оқушылар үйінің қатысуымен ұйымдастырылды. Балалардың мектепке баратын күні де алыс емес. Жыл сайын бағасы шарықтай түсетін оқу құралдары мен мектеп формасын сатып алуды көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Осы ретте дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы биыл «Жақсылық жаса» ұранымен басталып, еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету.Аталған қайырымдылық акциясы аясында №6 Оқушылар үйі ауданнның әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен толық емес құрамдағы отбасылардан шыққан оқушыларға мектеп сөмкелері мен оқу құралдарын үлестірген аудан Әкімдігін қолдап көрермендерге көңілді концерт қойып берді. Іс-шараның жүргізушісі болған педагог Касимов Фархад Аркинович, Оспанов Бауыржан оқушыларды акцияның аясында өткен мерекелік концерт кезінде құттықтап, Оқушылар үйінің «Сенім» вокальдық - хор студиясының жас өнерпаздары өнер көрсетті. Жас әншілердің жетекшісі- Кудерина Турсынай Метербаевна шәкірттерін көптеген концерттерге, аудандық, қалалық, халықаралық байқауларға қатыстырып жүрген ұлағатты ұстаз. Акциядағы концертті ұйымдастырушы директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Махарадзе Ирина Николаевна болды.

