01
қараша
2023
Астана қаласында өткен "Қазақстан таланттары" халықаралық байқауының жүлдегері Нұрболат Еркежан ІІ орын иегері атанды.
№6 Оқушылар үйінің "Домбырамен ән айту" үйірмесінің шәкірті Астана қаласында өткен "Қазақстан таланттары" атты халықаралық байқауының жүлдегері Нұрболат Еркежан ІІ орын иегері атанды. Дүбірлі додаға "Дәстүрлі ән" жанры бойынша қатысқан Еркежан қазақтың киелі домбырасымен ән айтып, жүлделі орынға ие болды және бірнеше шет ел байқауларының өз таңдауы бойынша біреуіне баратын жолдама алды. Нұрболат Еркежанның ұстазы Оралхан Әсет Төрегелдіұлы.






