17
қаңтар
2024
БАЛАЛАРДЫ ӨНЕР ӘЛЕМІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
БАЛАЛАРДЫ ӨНЕР ӘЛЕМІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
Құрметті ата-аналар мен талантты балалар!
Алматы қаласы Білім басқармасы «№6 Оқушылар үйі», Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы және Балаларға қосымша білім берудің Еуразиялық қауымдастығы (ЕАДОД). Баян мен аккордеонда жас орындаушылардың II Республикалық«Accordion-Fest» ашық фестиваль-байқауына қатысуға шақырамыз!
2 наурыз 2024 жылы 7- 19 жас аралығындағы жас музыканттарғаарналған дүбірлі додаға қатысып, бақсынасып, өнерінің өркендеуіне мүмкіндік беріледі.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
-жас музыканттар арасындағы достық, мәдени, шығармашылық байланыстарды дамыту және нығайту;
- ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті қолдау, адамгершілік нормаларға тәрбиелеу;
- баян және аккордеонда оқушылардың орындаушылық деңгейін арттыру;
- жас музыканттарды анықтау және ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер беру;
- педагогикалық және шығармашылық тәжірибемен алмасу.
Балаңызды жарқын шығармашылыққа бастайтын тамаша мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
