15 мамыр-Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай сурет көрмесі өтті. » «№6 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Есепші бөлімі:
+7(727) 296-38-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15 мамыр-Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай сурет көрмесі өтті.
15
мамыр
2024

15 мамыр-Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай сурет көрмесі өтті.

15.05.2024 жылы- Отбасы күні мерекесіне орай, №6 Оқушылар үйі ЮНЕСКО Клубы "Политра" және "Акварель" бейнелеу өнері студиясының шәкірттері отбасы туралы суреттер салды. Ең үздік суреттерді көрмеге қойды. Көрмені ата - аналар, аудан тұрғындары тамашалады. Жетекшілері: С.Ж.Ибрашева, Б. Ж. Мухамадиева. Отбасы -әр адамның рухани бастауы, қолдау, қамқорлық, махаббат, құрмет, сенім, ізгілік және басқа да маңызды отбасылық құндылықтар отбасында қалыптасады.Шәкірттер отбасылық өмірді бейнелеу  өнері   арқылы түсіндірді. Олар отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырады.   Отбасы балаларды тәрбиелеуде, ұлттық құндылықтарды сақтап, оны өскелең ұрпаққа жеткізуде маңызды рөл атқарады. Отбасында кішкентай азамат құрмет, сүйіспеншілік, қолдау, өзара көмек, еңбекқорлық сияқты маңызды құндылықтарды бойына сіңіреді.Осының  бәрін   шәкіртттер   салған   суреттерден   көруге    болады. 

Көрмеге 25  оқушы   қатысты. 










Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив