Тарихымыз » Страница 7 » «№6 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Есепші бөлімі:
+7(727) 296-38-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында, Түрксіб ауданы мектептерінің кітапханашыларымен  бірлескен,  N6 Оқушылар үйінің шәкірттерінің қатысуымен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
08
қаңтар
2025
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында, Түрксіб ауданы мектептерінің
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында, Түрксіб ауданы мектептерінің кітапханашыларымен  бірлескен, N6 Оқушылар үйінің шәкірттерінің қатысуымен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы әдістемелік бөлім меңгерушісі Сыздыкбаева Ш Б.
"Акварель"бейнелеу өнері үйірмесінің  шәкірттері  "Абайлаңыз, тайғақ жол!" атты сурет көрмесін ұйымдастырды.
04
қаңтар
2025
"Акварель"бейнелеу өнері үйірмесінің шәкірттері "Абайлаңыз, тайғақ
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында N6 Оқушылар үйінің "Акварель"бейнелеу өнері үйірмесінің  шәкірттері қыс мезгілінде адамдардың  қауіпсіздік ережесін сақтау үшін  "Абайлаңыз, тайғақ жол!" атты сурет көрмесін ұйымдастырды. Балалар қысқы ойындар мен қысқы табиғатты ақ қағазға бейнелеп салып, каникул кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды.Жетекшісі : Мухамадиева Б. Ж.
"Редкие виды нуждаются в нашей защите" атты Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне арналған Халықаралық шығармашылық байқауына қатысқан "Палитра" бейнелеу өнері студиясының шәкірттері жүлделі орын алды.
04
қаңтар
2025
"Редкие виды нуждаются в нашей защите" атты Дүниежүзілік жануарларды
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Редкие виды нуждаются в нашей защите" атты Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне арналған Халықаралық шығармашылық байқауына қатысқан "Палитра" бейнелеу өнері студиясының шәкірттері Лукьянова Есения 1 орын, Лихачева Ульяна 1 орын, Алишерқызы Жасмин 1 орын алды. Шәкірттерімізді  жетістігімен құттықтаймыз!! Жетекшісі Ибрашева Салтанат Джалгасовна.
№6 Оқушылар үйінің ұжымы балаларға арналған Жаңа жылдық "Ғажайып сәт" атты ертегі- спектакль ұйымдастырды.
23
желтоқсан
2024
№6 Оқушылар үйінің ұжымы балаларға арналған Жаңа жылдық "Ғажайып сәт"
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында және Жаңа  жыл-2025 мерекесі карсаңында N6 Оқушылар үйінің ұжымы балаларға арналған Жаңа жылдық "Ғажайып сәт" атты ертегі- спектакль ұйымдастырды. Сахналық қойылымды тамашалауға қаламыздың кішкетай көрермендері мен ата - аналары келді. Олар ғажайып ертегіде  жақсылыққа ұмтылған сиқырлы орман кейіпкерлерімен бірге болып, жамандық жасауды  жақсы көретін Мыстанкемпір мен оның досы Кикимораны жеңді, олар балалардан кешірім сұрады. Балалар біздің ертегі
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында біздің N6 Оқушылар үйінде Түрксіб ауданының ең  басты шыршасын жағу  мерекелік кеші ұйымдастырылды.
20
желтоқсан
2024
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында біздің N6 Оқушылар үйінде
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында біздің N6 Оқушылар үйінде Түрксіб ауданының ең  басты шыршасын жағу  мерекелік кеші ұйымдастырылды.Мерекені тамашалауға аудан тұрғындары мен жасөспірімдер, балалар келді. Түрксіб ауданы Әкімдігі аппаратының қолдауымен өткен шырша жағу концертіне  Аяз ата, Ақшақар және көңілді сайқымазақтар қатысты. Өнерлі шәкірттеріміз  ән шырқады, би биледі. Кеш өте көңілді өтті. Баршаңызды алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!! 
"Сенім" үлгілі вокалды хор студиясының шәкірттері "АСЫЛТАС" қорының бір жылдық есеп беру концертінде өнер саңлақтарымен бірге " ЖАС САХНА"  театрында ән шырқады.
20
желтоқсан
2024
"Сенім" үлгілі вокалды хор студиясының шәкірттері "АСЫЛТАС" қорының
 "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында N6 Оқушылар үйінің "Сенім" үлгілі вокалды хор студиясының шәкірттері "АСЫЛТАС" қорының бір жылдық есеп беру концертінде өнер саңлақтарымен бірге " ЖАС САХНА"  театрында ән шырқады. Жетекшісі Кудерина Турсынай Метербаевна. 
Үйірмешілер арасында қазақтың ұлттық ойыны асық ойнау   ұйымдастырылды.
09
желтоқсан
2024
Үйірмешілер арасында қазақтың ұлттық ойыны асық ойнау
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында N6 Оқушылар үйінің үйірмешілер арасында қазақтың ұлттық ойыны асық ойнау   ұйымдастырылды. Ойынға ұлдармен бірге  қыздар да қатысты.Ұйымдастырушы Китапиянов А.Д.
Тоғызқұмалақтан қалалық турнирге қатысқан "Тоғызқұмалақ" үйірмесінің шәкірттері жүлделі орындар  алды.
29
қараша
2024
Тоғызқұмалақтан қалалық турнирге қатысқан "Тоғызқұмалақ" үйірмесінің
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында өткен Тоғызқұмалақтан қалалық турнирге қатысқан "Тоғызқұмалақ" үйірмесінің шәкірттері Амангелдіұлы Алихан II орын, Ережеп Інжу I орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жетекшісі Кожабекова А. Н.
"Жұлдызды сәт" атты республикалық бүлдіршіндер, мектеп оқушылары, жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған байқауда  "Еркеназ" би ансамблінің шәкірттері Бас жүлдені жеңіп алды.
28
қараша
2024
"Жұлдызды сәт" атты республикалық бүлдіршіндер, мектеп оқушылары,
 "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында Алатау дәстүрлі өнер театрында өткен "Жұлдызды сәт" атты республикалық бүлдіршіндер, мектеп оқушылары, жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған байқаудың хореография номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткен "Еркеназ" би ансамблінің шәкірттері Бас жүлдені жеңіп алды. Өнерлі балаларымызды құттықтаймыз! Жетекшісі Айдарова Гулязат Майлибековна.  
Халық Қаһарманы Сағадат Кожахметұлы Нұрмағанбетовтің 100 жыл толуына орай,“ Сенім” үлгілі вокалды хор студиясының шәкірттері өнер саңлақтарымен бірге ән шырқады.
27
қараша
2024
Халық Қаһарманы Сағадат Кожахметұлы Нұрмағанбетовтің 100 жыл толуына
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында биыл әскери қайраткер, армия генералы,Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Кожахметұлы Нұрмағанбетовтің 100 жыл толуына орай, “Алатау” дәстүрлі өнер театрында өткен концертте “ Сенім” үлгілі вокалды хор студиясының шәкірттері өнер саңлақтарымен бірге ән шырқады.Жетекшісі Кудерина Турсынай Метербаевна.