Жетістіктеріміз » Страница 3 » «№6 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Есепші бөлімі:
+7(727) 296-38-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық «Дружные ребята» газетінде №6 Оқушылар үйі  туралы  көлемді мақала жарияланды.
07
қараша
2024
Республикалық «Дружные ребята» газетінде №6 Оқушылар үйі туралы
 «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2024 жылдың 24 қазанында Алматы қаласы,Білім басқармасының N6 Оқушылар үйі ЮНЕСКО Клубында жас өнерпаздар ұжымының концерті өтті. Бұл туралы республикалық «Дружные ребята» газетінде көлемді мақала жарияланды. Түрксіб ауданының тұрғындарын қуантқан концерт жарқын, әрі ерекше болды. Осындай жетістігіміз біз үшін зор мәртебе! Туған Отанымыз гүлдене берсін!!!
"Экзерсис" үлгілі  хореография үйірмесінің шәкірттері Халықаралық байқауға  қатысты.
03
қараша
2024
"Экзерсис" үлгілі хореография үйірмесінің шәкірттері Халықаралық
 "Экзерсис" үлгілі  хореография үйірмесінің шәкірттері  "Happy Halloween FANTASTIC TALENT"  атты Халықаралық  байқауға  қатысып, бас жүлде, 1-орын /3  рет/   және  "Соло" номинациясы бойынша 1,2  орындар  алды.  Жетекшісі педагог Шрейн Светлана Григорьевна.
"Квинта" үлгілі  эстрада -вокал үйірмесінің   шәкірті Халықаралық байқауға қатысты.
03
қараша
2024
"Квинта" үлгілі эстрада -вокал үйірмесінің шәкірті Халықаралық
"Квинта" үлгілі  эстрада -вокал үйірмесінің   шәкірті    Гульняшкина Таисия "FANTASTIC TALENT" атты Халықаралық   шығармашылық  өнер байқауына  қатысып, 1-орынды  иеленді.   Жетекшісі педагог Реймер Владимир Иванович.
Тоғызқұмалақ бойынша өткен қалалық турнирге  біздің Оқушылар үйінің шәкірттері қатысты.
02
қараша
2024
Тоғызқұмалақ бойынша өткен қалалық турнирге біздің Оқушылар үйінің
 "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында N7 Оқушылар үйінде өткен тоғызқұмалақтан қалалық турнирде біздің Оқушылар үйінің шәкірттері: Амангелді Нұрали 2- орын Амангелді Алихан 3- орын Қуатбек Жансая 3- орын Адырбаев Абзал 3- орынға ие болды. Сонымен қатар, "Тоғызқұмалақ " үйірмесінің педагогы Кожабекова Айбану Нургудиовна 3- орын алды. Шәкірттерімізді және олардың ұстазын жетістігімен
"Домбырамен ән айту" үйірмесінің шәкірттері "Алтын құлын" атты дәстүрлі ән,жыр-терме жас орындаушыларының республикалық байқауына қатысты.
01
қараша
2024
"Домбырамен ән айту" үйірмесінің шәкірттері "Алтын құлын" атты
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Домбырамен ән айту" үйірмесінің шәкірттері РҚББОӘ орталығы ұйымдастырған "Алтын құлын" атты дәстүрлі ән,жыр-терме жас орындаушыларының республикалық байқауына қатысып, сертификатқа ие болды. Жетекшісі Жумадуллаева Г. А.
"Еркеназ" би ансамблінің шәкірттері Түркия елінің Алания қаласында өткен Халықаралық ән - би фестиваліне қатысты.
01
қараша
2024
"Еркеназ" би ансамблінің шәкірттері Түркия елінің Алания қаласында
 Біздің Оқушылар үйінің "Еркеназ" би ансамблінің шәкірттері Түркия елінің Алания қаласында өткен Халықаралық ән - би фестиваліне қатысты. Олар  сертификат алды.Бұл фестивальда Украина, Болгария, Румыния , Литвания, Грузия, Солтүстік Кипр, Молдовия т. б мемлекеттердің өнерпаздары қатысты. Жетекшісі Айдарова Г. М.
25 қазан - Республика күні мерекесіне орай, Оқушылар үйінің "Шахмат" үйірмесінің шәкірттері "Белая ладья" шахмат мектебінде өткен квалификациялық турнирге қатысты.
22
қазан
2024
25 қазан - Республика күні мерекесіне орай, Оқушылар үйінің "Шахмат"
 "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында, 25 қазан - Республика күні мерекесіне орай, Оқушылар үйінің "Шахмат" үйірмесінің шәкірттері "Белая ладья" шахмат мектебінде өткен квалификациялық турнирге қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Шәкірттерімізді жетістігімен құттықтаймыз!! Жетекшісі Китапиянов Айдос Дүйсенұлы.
25 қазан -Республика күні мерекесіне орай, Тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан қалалық жарыс өтті.
21
қазан
2024
25 қазан -Республика күні мерекесіне орай, Тоғызқұмалақ ұлттық
 N7 Оқушылар үйінде "Біртұтас тәрбие" аясында 25 қазан Республика күні мерекесіне орай, Тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан қалалық жарыс өтті. Жарыста орын алған балаларға қала Әкімінің кубогы табысталды. Біздің жүлделі орын алған шәкірттер: Абдулла Еркенез-1 орын Қуатбек Жансая- 1 орын Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жетекшісі Кожабекова А. Н.
N6 Оқушылар үйінде, ұстаздар мерекесі күні қарсаңында аудандық мерекелік концерт өтті.
04
қазан
2024
N6 Оқушылар үйінде, ұстаздар мерекесі күні қарсаңында аудандық
N6 Оқушылар үйінде, ұстаздар мерекесі күні қарсаңында аудандық мерекелік концерт өтті.Концертте N6 Оқушылар үйі шәкірттерімен ұстаздары және эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Концерт жоғары деңгейде өтті. Ұстаздар қала әкімі Е.Досаевтың және аудан әкімі Ә.Әміровтың алғыс хаттарымен марапатталды.  
"Волшебники" қолданбалы қолөнер үйірмесінің шәкірттері республикалық байқауға қатысты.
23
тамыз
2024
"Волшебники" қолданбалы қолөнер үйірмесінің шәкірттері республикалық
Оқушылар үйінде "Волшебники" қолданбалы қолөнер үйірмесінің шәкірттері "О животных с любовью" және "Астана - город мечты" атты республикалық байқауға қатысты. Олар осы байқаудан жүлделі орындар алды. Жетекшісі қосымша білім беру педагогы Колесникова Л. П.