"Планета Волшебства" атты жұмсақ ойыншықтар жасау студиясының тәрбиеленушілерінің қолөнер жұмысының есебі. » «№6 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Есепші бөлімі:
+7(727) 296-38-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Планета Волшебства" атты жұмсақ ойыншықтар жасау студиясының тәрбиеленушілерінің қолөнер жұмысының есебі.
28
мамыр
2025

"Планета Волшебства" атты жұмсақ ойыншықтар жасау студиясының тәрбиеленушілерінің қолөнер жұмысының есебі.

"Планета Волшебства" атты жұмсақ ойыншықтар жасау студиясының тәрбиеленушілерінің  қолөнер жұмысының  есебі.
2025 жылғы 28 мамыр күні №6 Оқушылар үйінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы және ИгіІстерМарафоны2025" аясында ерекше маңызы бар қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды. "Планета Волшебства" атты жұмсақ ойыншықтар жасау студиясының тәрбиеленушілері педагог Реймер К.В. жетекшілігімен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған сыйлықтар дайындады.Бұл іс-шара 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілді және балалардың бойында мейірімділік, жанашырлық, көмектесу мәдениетін қалыптастыру, ізгі істерге баулу мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында студия оқушылары өз қолдарымен жұмсақ ойыншықтар мен қолөнер бұйымдарын жасап, оларды арнайы безендіріп, ерекше ықыласпен дайындады.Балалар қуыршақтар, түрлі-түсті аңдар, ойыншық жастықшалар, әсем гүлдер және көңілді кейіпкерлер бейнесіндегі бұйымдар жасап, әрбір сыйлыққа жүрек жылуын қосты. Бұл ойыншықтар тек материалдық сыйлық емес, балалардың мейірім мен қуанышқа толы шынайы сезімінің көрінісі болды.Қайырымдылық акциясы барысында дайындалған барлық бұйымдар алдағы 1 маусым мерекесінде көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына тарту етіледі. Бұл – балалар үшін үлкен қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлайтын игі іс болмақ.Педагог Реймер К.В. балаларға қайырымдылықтың маңызын түсіндіріп, кішкентай жүректердің де үлкен жүрекке айнала алатынын көрсетті. Студия тәрбиеленушілері бұл іс-шарадан үлкен рухани әсер алып, ізгі істердің шынайы қуаныш сыйлайтынына көз жеткізді."Планета  волшебства" студиясының бұл бастамасы – қоғамдағы өзара қамқорлық пен адамгершілік құндылықтарын насихаттайтын тамаша үлгі. Мұндай шаралар арқылы балалар тек қолөнер дағдыларын ғана емес, жүрек жылуын да бірге өсіреді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив