Түркияның Анкара қаласында өткен 47-ші «Түркия орталық телеарнасы-TRT» атты Халықаралық балалар фестиваліне №6 Оқушылар үйінің "Еркеназ" би ансамблі қатысты. » «№6 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Есепші бөлімі:
+7(727) 296-38-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Түркияның Анкара қаласында өткен 47-ші «Түркия орталық телеарнасы-TRT» атты Халықаралық балалар фестиваліне №6 Оқушылар үйінің "Еркеназ" би ансамблі қатысты.
25
сәуір
2025

Түркияның Анкара қаласында өткен 47-ші «Түркия орталық телеарнасы-TRT» атты Халықаралық балалар фестиваліне №6 Оқушылар үйінің "Еркеназ" би ансамблі қатысты.

2025 жылдың 17–25 сәуірі аралығында Түркияның Анкара қаласында өткен 47-ші «Түркия орталық телеарнасы-TRT»  атты Халықаралық балалар фестиваліне  Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «№6 Оқушылар үйі» КМҚК ЮНЕСКО Клубы,  Еуразиялық балаларға қосымша білім беру қауымдастығының мүшесі  ретінде  және  білім саласының үздігі, осы мекеменің директоры  Аришева Зейнеп Ануаровна  өз шәкірттерін жіберген болатын. Аталған  Халықаралық өнер алаңында "Еркеназ" хореография ансамблі еліміздің намысын қорғап, қазақтың ұлттық би өнерін әлемнің 30-дан астам еліне паш етті. Қазақстанды ұлттық биімен  таныстырған "Еркеназ" ұжымының шеберлігі мен таланты көпшілікті тәнті етті. Фестивальдің гала-концертіне қатысқан Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған қазақ өнерпаздарының жетістігін жоғары бағалап, біздің  балаларды  арнайы құттықтады. "Еркеназ" би ансамблі Анкара қаласының басты көшелерімен ұлттық киіммен жүріп өтіп, Қазақстан Республикасының Туын желбіретіп, халықаралық шеруге қатысқан кезі  фестивальдің шарықтау шегіне айналды. Бұл сәт барлық  елдің  телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, әлем жұртшылығы қазақ халқының ұлттық биі мен мәдениетін тамашалады.Ансамбльдің жетекшісі, хореограф Айдарова Гүлязат Майлибекқызының  шәкірттерді  осы дәрежеге жеткізу жолындағы еңбегі орасан. Оның кәсіби шеберлігі мен табандылығының арқасында "Еркеназ" ансамблі  халықаралық деңгейде биіктен көрініп келеді.Бүгінгі таңда "Еркеназ" би ансамблі түрлі халықаралық, республикалық сахналарда қазақтың төл өнерін ұлықтап, мәдени мұрамызды насихаттап жүрген, өнері мен таланты өрге жүзген жас ұрпақтың жарқын үлгісі.Түрксіб ауданының мәртебесін асқақтатып жүрген,  халықаралық деңгейде өнер көрсеткен  ауданымыздың  мақтанышы "Еркеназ" би ансамбліне алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен жаңа халықаралық жетістіктер тілейміз. Ұлттық өнеріміз әлемге таныла берсін! 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив