15
мамыр
2025
Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қосымша білім беру ұйымдарының басшылары және педагогтерімен «Қосымша білім берудің болашағы: дамуға бастар жол» тақырыбында офлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында министр қосымша білім берудің қазіргі жағдайы мен болашағы туралы өзекті мәселелерді талқылады. Ғани Бейсембаев педагогтердің кәсіби жетістіктері үшін жан-жақты қолдауды тапсырды.Министр сондай-ақ Алматы қаласында қосымша білім беру ұйымдарының желісін кеңейту және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында бірқатар шаралар қабылданатынын атап өтті. Бұл шаралар балалардың сапалы қосымша біліммен қамтылуын арттыруға бағытталған.Кездесу барысында педагогтер өз ұсыныстарын білдіріп, қосымша білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарын талқылады. Министр Ғани Бейсембаев бұл ұсыныстарды ескере отырып, қосымша білім беру саласын дамытуға бағытталған кешенді шараларды қабылдайтынын мәлімдеді. Кездесу барысында педагогтер өз пікірлері мен ұсыныстарын еркін білдіре алды. Бұл — білім беру жүйесінде нақты тәжірибесі бар мамандардың дауысы естіліп жатқанын көрсетеді.Кездесу педагогтер үшін моральдық қолдау, кәсіби ынталандыру және жүйелік өзгерістерге қатысу мүмкіндігі тұрғысынан өте маңызды әрі нәтижелі болды. Бұл сала мамандарына тың серпін беріп, олардың еңбегінің қоғамдағы маңызын арттыра түсті.