24
октябрь
2024
25 октябрь - Республика күні мерекесіне арналған концерт ұйымдастырылды.
Оқушылар үйінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында, 25 октябрь - Республика күні мерекесіне арналған концерт ұйымдастырылды. Концертке қатысқан өнерпаз шәкірттер патриоттық рухта әндер шырқап, би билеп, Қазақстан Республикасының Гимнін орындады. Оқушылар үйінің ұжымы және шәкірттері қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтайды.








