№6 Оқушылар үйінде Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті.
№6 Оқушылар үйінде ұлан-асыр мереке – Республика күніне арналған салтанатты концерт ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға түрлі үйірмелер мен шығармашылық топтардың мүшелері, ұстаздар, ата-аналар және қала тұрғындары қатысты. Мерекелік кештің басты мақсаты – оқушылардың өнері арқылы елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, отансүйгіштік рухты қалыптастыру және ұлттық бірлікті дәріптеу болды. Кештің шымылдығы Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, көрермендер ерекше көңіл күйге бөленді.