«Адал азамат» бағдарламасы аясында өткізілген шеберлік сабақ ұйымдастырылды.
2025 жылғы 9 сентябрьте №6 Оқушылар үйінің жанындағы «Волшебники» қолданбалы шығармашылық шеберханасында «Адал азамат» бағдарламасы аясында ерекше шығармашылық іс-шара – «Алматы қаласының символы – алма» атты шеберлік сабағы өткізілді.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қолөнерге деген қызығушылықты ояту, сондай-ақ Алматы қаласының басты символдарының бірі – алманың тарихи және мәдени маңызын түсіндіру.Шеберлік сабағы барысында қатысушылар Алматының символына айналған алманы түрлі материалдар арқылы бейнелеп, өз қолдарымен әсем бұйымдар жасады. Балалар түрлі түсті қағаздар, мата, жіп, табиғи материалдар сынды қолжетімді құралдарды пайдалана отырып, әрқайсысы өзіндік ерекше стильде жұмыс жасады. Жасалған жұмыстар балалардың қиялының ұшқырлығын, талғамын және еңбекқорлығын көрсетті.Педагог Колесникова Л.П. балаларға алманың шығу тарихы мен Алматы қаласының мәдени өміріндегі орны туралы қысқаша әңгіме жүргізіп, шығармашылық процессте бағыт-бағдар беріп отырды. Оқушылар тек бұйым жасап қана қоймай, өз жұмыстарын таныстырып, шығармашылық идеяларымен бөлісті.Іс-шара барысында жылы, достық атмосфера орнап, қатысушылар бір-біріне көмектесіп, ынтымақтастықта жұмыс істеді. Шара соңында әр бала өз жұмысын көрмеге қойып, мақтанышпен таныстырды. Лучший жұмыстар алғыс хаттармен марапатталды.Іс-шараға барлығы 26 адам қатысты. Қатысушылардың арасында мектеп оқушылары, ата-аналар мен педагогтер болды.
Іс-шараны өткізген педагог:
Колесникова Л.П.

