Галерея » Страница 16 » «№6 Оқушылар үйі
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Дом школьников №6»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Бухгалтерия
+7(727) 296-38-85
Версия для
слабовидящих
25 октябрь -Республика күні мерекесіне орай, Оқушылар үйінде шәкірттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жоғары көтеріп, ұстаздарымен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін асқақтата шырқады.
25
октябрь
2023
25 октябрь -Республика күні мерекесіне орай, Оқушылар үйінде шәкірттер
Бүгін яғни, 25 октябрь -Республика күні мерекесіне орай, Оқушылар үйінде шәкірттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жоғары көтеріп, ұстаздарымен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін асқақтата шырқады. Осы ұлттық мереке күні халқымызға зор денсаулық, бақытты өмір, бейбітшілік пен амандық тілейміз. Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын! Мереке құтты болсын!
"Сенім" үлгілі вокалды-хор ансамблі  үйірмесінде "Темірбек Жүргеновтің  өмірі мен қызметі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
17
октябрь
2023
"Сенім" үлгілі вокалды-хор ансамблі үйірмесінде "Темірбек
"Сенім" үлгілі вокалды-хор ансамблі  үйірмесінде "Темірбек Жүргеновтің  өмірі мен қызметі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің мақсаты: саналы ғұмырын жаңа қоғамның құрылысына арнаған қазақ зиялылары тобының өкілі Т.Қ. Жүргеновтің өмірі мен қызметін терең түсіндіру. Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеп, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет қасиеттерін арттыру, жастардың  шығармашылық, рухани және зияткерлік әлеуетінің мүмкіндіктерін ашу. Дөңгелек үстелге қатысқан үйірмешілерге
"16 октябрь-Дүниежүзілік нан күні"  мерекесіне орай қолөнер жұмысы ұйымдастырылды.
16
октябрь
2023
"16 октябрь-Дүниежүзілік нан күні" мерекесіне орай қолөнер жұмысы
Әлемдегі ең танымал өнімдердің бірі, әрине  нан. Сондықтан оның жыл сайын 16 октябрьда атап өтілетін өз мерекесі – Дүниежүзілік нан күні болуы ғажап емес. Осындай тамаша күнге орай «Волшебники» қолданбалы өнер шеберханасы үйірмесінде  тақырыптық сабақ өткізілді. Үйірме ұстазы Колесникова Л.П. шәкірттерге қандай нан, қалай өсірілетінін айтып берді, оқушылар  декоративті  гофрленген қағаздан гүл, бидай  шоғын жасады.
Тоғызқұмалақ  ойынынан қалалық  жарыс ұйымдастырылды.
12
октябрь
2023
Тоғызқұмалақ ойынынан қалалық жарыс ұйымдастырылды.
  Біздің Оқушылар  үйінде тоғызқұмалақ  ойынынан қалалық  жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа Алматы қаласының аудандарының    мектептерінен тоғызқұмалақ   үйірмелеріне қатысып  жүрген   оқушылар келді. Жарыс өте тартысты өтті. Төрешілер әділ  бағасын беріп,  жүлделі орын  алған оқушыларды марапаттады.  
"Ұстаздар  күні"мерекесіне орай, сурет салу  байқауы өтті.
04
октябрь
2023
"Ұстаздар күні"мерекесіне орай, сурет салу байқауы өтті.
"Волшебники" атты    үйірмеде  "Ұстаздар күні"  мерекесіне  орай,  сурет   салу  байқауы  ұйымдастырылды. Шәкірттер  ұстаздарына   деген   ыстық   ықыласын   бейнелеу  өнері   арқылы көрсетті.  Әдемі   салынған суреттер ұстаздар   күніне  арналған қалалық  байқауға  жол тартты. Үйірме жетекшісі:  Колесникова Л.П.
"1-октябрь -Халықаралық қарттар күні" мерекесіне орай  концерт ұйымдастырылды.
29
сентябрь
2023
"1-октябрь -Халықаралық қарттар күні" мерекесіне орай концерт
"1-октябрь -Халықаралық қарттар күні" мерекесіне орай  концерт ұйымдастырылды. Концертте Оқушылар үйінің кішкентай  өнерпаздары өнер көрсетіп, Түрксіб ауданының қарияларын қуантты. Аудан тұрғындары өнерпаздардың  қойған   концертін қызыға тамашалады. Концерт соңында қариялармен шәкірттер флешмоб ұйымдастырды. 
Түрксіб ауданының 85 жылдық мерейтойы қарсаңында N6 Оқушылар үйінде "Біздің аудан: кеше және бүгін" атты сурет көрмесі өтті.
28
сентябрь
2023
Түрксіб ауданының 85 жылдық мерейтойы қарсаңында N6 Оқушылар үйінде
Алматы қаласы Управления образования N6 Оқушылар үйі ЮНЕСКО клубы. Түрксіб ауданының 85 жылдық мерейтойы қарсаңында N6 Оқушылар үйінде "Біздің аудан: кеше және бүгін" тақырыбында сурет көрмесі өтті.Көрмеге N6 Оқушылар үйінің шәкірттерінің жұмыстары қойылды. Сурет көрмесіне "Акварель" және "Политра" сурет  салу үйірмелерінің оқушылары қатысты. Олар өздерінің   сүйікті Алматы қаласындағы  Түрксіб ауданының  ең   көрікті  жерлерін бейнелеп,  сурттерін   көрмеге қойды. 
ЮНЕСКО клубы №6 Оқушылар үйінің  директоры З.А. Аришева және «Ұмайдың оралуы» инклюзивті проект ның бірінші жетекшісі Ө. Ғ. Алтынбекқызы  және "Мейірім» оңалту орталығының директоры Е. А.Күзембаева  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
20
сентябрь
2023
ЮНЕСКО клубы №6 Оқушылар үйінің директоры З.А. Аришева және «Ұмайдың
20 сентябрь күні ұмытылмас оқиға болды. Алматы қаласы  Бі лім басқармасы  ЮНЕСКО клубы «№6 Оқушылар үйі» МКҚК  директоры Аришева Зейнеп  Ануаровна   және «Мейірім» оңалту орталығының директоры Елена Анатольевна Күзембаева және ертегі проект н әзірлеуші,  « Ұмай »  туралы кітаптың авторы, «Ұмайдың оралуы» инклюзивті проект ның бірінші жетекшісі Өтебекова Ғалия Алтынбекқызы   ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.