О школе » Страница 11 » «№6 Оқушылар үйі
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Дом школьников №6»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Бухгалтерия
+7(727) 296-38-85
Версия для
слабовидящих
Оқушылар үйінде жалпы ата - аналар жиналысы болды.
20
сентябрь
2024
Оқушылар үйінде жалпы ата - аналар жиналысы болды.
 "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында Оқушылар үйінде жалпы ата - аналар жиналысы болды. Жиналысты директор З. А. Аришева ашып, Оқушылар үйінің 2023-2024 оқу жылындағы жетістіктерімен таныстырды. Жиналыс соңында ата - аналар шәкірттердің өнерін тамашалады.
Төтенше жағдайлар Департаментінің офицері Баймухамбетова Сандуғаш Амантаевна төтенше жағдайларға байланысты ата - аналар мен шәкірттерге арналған дәріс өткізді.
18
сентябрь
2024
Төтенше жағдайлар Департаментінің офицері Баймухамбетова Сандуғаш
0.09.2024 жылы "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында Төтенше жағдайлар Департаментінің офицері Баймухамбетова Сандуғаш Амантаевна төтенше жағдайларға байланысты ата - аналар мен шәкірттерге арналған дәріс өткізді.Сандуғаш Амантаевна аяқ астынан болатын төтенше жағдайларда не істеу керек екенін түсіндірді.
Оқушылар  үйінде  "Қала күні" мерекесі ұйымдастырылды. Мерекелік концерт Түрксіб ауданы  Әкімдігінің қолдауымен  өтті.
14
сентябрь
2024
Оқушылар үйінде "Қала күні" мерекесі ұйымдастырылды. Мерекелік
"Қала күні" мерекесі Түрксіб ауданы бойынша ұйымдастырылды.  Мерекені  аудан  тұрғындары   келіп  тамашалады. Жас  өнерпаздар сүйікті қаласы  Алматы туралы  ән шырқап, би ұжымдары өнер  көрсетті. Концерттің қызған   кезінде үйірме шәкірттеріміз Алматының  қызыл алмаларын  көрермендерге  таратты. Таңертең басталған концерт кешкі уақытта бірақ аяқталды. 
"Гитара" үйірмесінің жетекшісі Штомпель Виктор Анатольевич ата-аналар мен ұстаздарға лекция оқыды.
10
сентябрь
2024
"Гитара" үйірмесінің жетекшісі Штомпель Виктор Анатольевич ата-аналар
Біздің Оқушылар үйінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Еңбекқорлық және ойын” тақырыбында "Гитара" үйірмесінің жетекшісі Штомпель Виктор Анатольевич ата-аналар мен ұстаздарға лекция оқыды.Арты пікірталасқа ұласты.
"1 казан - Қарттар күніне" орай шәкірттер әже- аталарымен бірге қолөнер жұмыстарымен айналысты.
06
сентябрь
2024
"1 казан - Қарттар күніне" орай шәкірттер әже- аталарымен бірге
Қолданбалы қолөнер шеберханасы үйірмесінде, "Біртұтас тәрбие" аясында “От чистого сердца своими руками» тақырыбында "1 казан - Қарттар күніне" орай шәкірттер әже- аталарымен бірге қолөнер жұмыстарымен айналысты.Үйірме жетекшісі Колесникова Л.П.
Оқушылар үйінің "Сенім" вокалды -хор үйірмесі Республика сарайында ҚР-ның Конституция күніне  арналған Халық әртісі Роза Рымбаевамен бірге ән шырқады.
30
август
2024
Оқушылар үйінің "Сенім" вокалды -хор үйірмесі Республика сарайында
"Сенім" вокалды -хор үйірмесі Республика сарайында ҚР-ның Конституция күніне  арналған Халық әртісі Роза Рымбаевамен бірге ән шырқады. Жетекшісі қосымша білім  беру педагогы Кудерина Т.М.
Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
29
август
2024
Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының
Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі. Осыған орай, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.  
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының аясында Оқушылар үйінде "Эрудит" балалардың білімін дамыту үйірмесінің балалары құрастырма ойындарына қатысты.
28
август
2024
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының аясында Оқушылар үйінде "Эрудит"
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының аясында Оқушылар үйінде "Эрудит" балалардың білімін дамыту үйірмесінің балалары құрастырма ойындарына қатысты. Ұйымдастырушы қосымша білім беру педагогы Я.Ю.Тамбовцева
"Волшебники" қолданбалы қолөнер үйірмесінің шәкірттері республикалық байқауға қатысты.
23
август
2024
"Волшебники" қолданбалы қолөнер үйірмесінің шәкірттері республикалық
Оқушылар үйінде "Волшебники" қолданбалы қолөнер үйірмесінің шәкірттері "О животных с любовью" және "Астана - город мечты" атты республикалық байқауға қатысты. Олар осы байқаудан жүлделі орындар алды. Жетекшісі қосымша білім беру педагогы Колесникова Л. П.
"Волшебники" қолданбалы қолөнер үйірмесінің шәкірттері қолөнер жұмыстарынан көрме ұйымдастырды.
22
август
2024
"Волшебники" қолданбалы қолөнер үйірмесінің шәкірттері қолөнер
Оқушылар үйінде "Волшебники" қолданбалы қолөнер үйірмесінің шәкірттері қолөнер жұмыстарынан көрме ұйымдастырды. Жетекшісі қосымша білім беру педагогы Колесникова Л.П.