Основные секций » Страница 15 » «№6 Оқушылар үйі
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Дом школьников №6»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Бухгалтерия
+7(727) 296-38-85
Версия для
слабовидящих
"16 октябрь-Дүниежүзілік нан күні"  мерекесіне орай қолөнер жұмысы ұйымдастырылды.
16
октябрь
2023
"16 октябрь-Дүниежүзілік нан күні" мерекесіне орай қолөнер жұмысы
Әлемдегі ең танымал өнімдердің бірі, әрине  нан. Сондықтан оның жыл сайын 16 октябрьда атап өтілетін өз мерекесі – Дүниежүзілік нан күні болуы ғажап емес. Осындай тамаша күнге орай «Волшебники» қолданбалы өнер шеберханасы үйірмесінде  тақырыптық сабақ өткізілді. Үйірме ұстазы Колесникова Л.П. шәкірттерге қандай нан, қалай өсірілетінін айтып берді, оқушылар  декоративті  гофрленген қағаздан гүл, бидай  шоғын жасады.
Тоғызқұмалақ  ойынынан қалалық  жарыс ұйымдастырылды.
12
октябрь
2023
Тоғызқұмалақ ойынынан қалалық жарыс ұйымдастырылды.
  Біздің Оқушылар  үйінде тоғызқұмалақ  ойынынан қалалық  жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа Алматы қаласының аудандарының    мектептерінен тоғызқұмалақ   үйірмелеріне қатысып  жүрген   оқушылар келді. Жарыс өте тартысты өтті. Төрешілер әділ  бағасын беріп,  жүлделі орын  алған оқушыларды марапаттады.  
"Ұстаздар  күні"мерекесіне орай, сурет салу  байқауы өтті.
04
октябрь
2023
"Ұстаздар күні"мерекесіне орай, сурет салу байқауы өтті.
"Волшебники" атты    үйірмеде  "Ұстаздар күні"  мерекесіне  орай,  сурет   салу  байқауы  ұйымдастырылды. Шәкірттер  ұстаздарына   деген   ыстық   ықыласын   бейнелеу  өнері   арқылы көрсетті.  Әдемі   салынған суреттер ұстаздар   күніне  арналған қалалық  байқауға  жол тартты. Үйірме жетекшісі:  Колесникова Л.П.
"1-октябрь -Халықаралық қарттар күні" мерекесіне орай  концерт ұйымдастырылды.
29
сентябрь
2023
"1-октябрь -Халықаралық қарттар күні" мерекесіне орай концерт
"1-октябрь -Халықаралық қарттар күні" мерекесіне орай  концерт ұйымдастырылды. Концертте Оқушылар үйінің кішкентай  өнерпаздары өнер көрсетіп, Түрксіб ауданының қарияларын қуантты. Аудан тұрғындары өнерпаздардың  қойған   концертін қызыға тамашалады. Концерт соңында қариялармен шәкірттер флешмоб ұйымдастырды. 
"Қала күні" мерекесіне  орай  үлкен  концерт ұйымдастырылды.
17
сентябрь
2023
"Қала күні" мерекесіне орай үлкен концерт ұйымдастырылды.
"Қала күн" мерекесіне  орай өткен  үлкен  концертте  Оқушылар  үйінің   өнерпаздары өнерлерімен қала тұрғындарын  қуантты.  Көптеп жиналған   көрермендер оларға ризашылығын   білдірді. Концертте  әртүрлі  жанрда өнер  көрсеткен  шәкірттер Алматы қаласының ең  дәмді апорттарын  халыққа  ұсынды. Сүйікті  қала Алматы туралы әуелеген   ән қала аспанына қалықтап, алыстан  естіліп жатты.   Осы  іс - шараға  үлкен  үлес  қосқан "Сенім" үлгілі вокалды- хор ансамбль үйірмесінің әнші  балалары, "Raian"
"Dancing Queen"атты  ата-аналарға  арналған  би проект   іске  қосылды.
17
май
2023
"Dancing Queen"атты ата-аналарға арналған би проект іске қосылды.
"Dancing Queen"  би студиясы ата -  аналарға   арналған  би проект н  бастады. Қосымша  білім беру педагогы Ф.А.Касимов өз  үйірмесінде  ата- аналарға арнап би проект н құрды  және  осыған  байланысты шеберлік  сабақ   көрсетті. Ата -аналар бұл бастамаға  үлкен  қуанышпен  қарады. Шеберлік сабақта  ата-аналар би ритмикасын  үйреніп, белсенділік  көрсетті. Би өнерін насихаттап жүрген педагог ата-аналармен  жұмыс  жасаудың   ерекше  түрін  осылай  ұйымдастырды.  Іс-  шара  соңында   ата-аналар 
Оқушылар үйінің  құрылғанына 50  жыл  толу мерейтойына дайындық жүргізілді.
05
май
2023
Оқушылар үйінің құрылғанына 50 жыл толу мерейтойына дайындық
Оқушылар үйінің  құрылғанына 50  жыл  толу мерейтойына дайындық жүргізілді. Дайындыққа барлық үйірмелер қатысты. Педагогтер осы мерейтой   дайындығына үлкен қуанышпен  ат салысты. Олар үйірме кабинеттерін дайындап,  шәкірттерінің өнерінен концерт ұйымдастыруды  жоспарлады. Мерейтой барлық адамдардың  есінде  қалу үшін  ұжым  зор  күш жұмсады. Оқушылар үйінің директоры З.А. Аришева  мерейтой алдында педагогтер  мен  шәкірттерге  жасаған жұмыстары  үшін  алғыс  айтты. 
"Квинта" эстрада-вокал  үйірмесі өзінің есеп беру  концертін ұйымдастырды.
27
апрель
2023
"Квинта" эстрада-вокал үйірмесі өзінің есеп беру концертін
"Квинта"эстрада-вокал  үйірмесі  2022-2023  оқу  жылында  жасаған жұмыстары бойынша есеп беру  концертін өткізді. Концертте үйірме  оқушылары жыл  бойы  үйренген әндерін  шырқап, қатысқан байқаулары туралы және жетістіктерімен, ақпараттармен бөлісті.Өнерлерімен биіктен  көрінген  шәкірттер шығармашылық таланттарын  әлі  де алда болатын  байқау,   фестиваль, концерттерде  көрсете бермек. https://youtu.be/5mijAqtQR0w?si=xnEHNrIijP0Z0SRC
"Фортепиано" студиясы  биылғы оқу жылында шәкірттеріне  үйреткен  жұмыстарының нәтижесін көрсетті.
20
апрель
2023
"Фортепиано" студиясы биылғы оқу жылында шәкірттеріне үйреткен
"Фортепиано" студиясы 2022-2023  оқу  жылы бойынша шәкірттеріне  үйреткен шығармаларын көпшілікке  таныстырды.  Оқушылар фортепианода   ойнауды  жақсы   меңгерген.  Олар ұстаздың үйреткен шығармаларын талапқа   сай  орындады. Бұл іс-  шараға   ата-  аналар да  қатысып, өз  бағасын берді. Педагог Г.Н. Лазарева шәкірттеріне фортепиано үйретуден жалыққан  емес. Кішкентай  бүлдіршіндер музыка  үйірмесіне келуге  асығады.  https://youtu.be/byyFvzruLxM?si=sy42USDskWJaGqMg