«Домбырамен ән айту» үйірмесінде «Халық әндерінің ел арасында таралуы» тақырыбындағы ашық сабақ өтті . » «№6 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Есепші бөлімі:
+7(727) 296-38-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Домбырамен ән айту» үйірмесінде «Халық әндерінің ел арасында таралуы» тақырыбындағы ашық сабақ өтті .
08
қазан
2025

«Домбырамен ән айту» үйірмесінде «Халық әндерінің ел арасында таралуы» тақырыбындағы ашық сабақ өтті .


«Адал азамат» бағдарламасы аясында, тәрбие жоспарына сәйкес, «Домбырамен ән айту» үйірмесінде «Халық әндерінің ел арасында таралуы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Аталған ашық сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға қазақ халқының рухани-мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық музыка өнеріне деген құрмет пен қызығушылықты арттыру, сондай-ақ дәстүрлі өнер арқылы патриоттық сезім мен ұлттық сана қалыптастыру болып табылады.Сабақ барысында оқушылар қазақ халқының бай фольклорлық қазынасымен, соның ішінде халық әндерінің шығу тарихымен танысты. Педагог халық әндерінің мазмұны, тақырыптық ерекшеліктері мен орындау дәстүрлері жайлы мазмұнды түсініктеме берді. Сонымен қатар, әндердің ел арасында ауыздан-ауызға қалай таралғаны, олардың ұрпақтан-ұрпаққа жету жолы, тарихи-мәдени маңызы туралы мағлұматтар ұсынылды.Іс-шараның практикалық бөлімінде оқушылар халық әндерін домбыра сүйемелдеуімен орындады, өзара пікір алмасып, әннің мазмұны мен мағынасын талқылады. Әндерге музыкалық талдау жүргізіліп, ұлттық нақыштың көрініс табуы мен орындаушылық ерекшеліктері туралы айтылды.Сабақ оқушылардың музыкалық қабілеттерін жетілдіріп қана қоймай, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін тереңдетіп, өз мәдениетін мақтан тұтуға тәрбиеледі. Қатысушылар өзара белсенділік танытып, шығармашылық тұрғыда өз ойларын еркін жеткізе білді. Сонымен қатар, домбырамен ән айту арқылы сахнада өзін еркін ұстау, көрерменмен байланыс орнату сияқты дағдыларды дамытуға мүмкіндік алды.Сабақ соңында әр қатысушы қысқаша ой бөлісіп, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Педагог тарапынан кері байланыс беріліп, алдағы уақытта ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы ақпарат ұсынылды.Бұл ашық сабақ – ұлттық руханиятты ұлықтауға бағытталған тәрбиелік мәні зор іс-шара болды. Оқушылардың халық әндеріне деген қызығушылығы мен ықыласы олардың болашақта да ұлттық өнерге бейімділігін арттыруға ықпал етеді.



 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив