«Жеке қауіпсіздік» ұлттық бағдарламасы аясында би студиясы «Диагональкиде» «Би залындағы тәртіп ережелері» атты тәрбиелік іс-шара өтті.
«Адал азамат» бағдарламасы және «Жеке қауіпсіздік» ұлттық бағдарламасы аясында би студиясы «Диагональкиде» «Би залындағы тәртіп ережелері» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балаларға би залындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, тәртіп пен тәрбие ұғымдарын ойын арқылы жеткізу, сондай-ақ дене қозғалысы мен кеңістікке бейімделу дағдыларын дамыту.Іс-шара барысында балалар «Болады – болмайды» атты қызықты ойын түрінде білім алды. Ойын негізінде балалар: би залында қауіпсіз қозғалу жолдарын, тәртіп пен ұйымшылдықты қалай сақтау керектігін, кеңістікпен және ырғақпен жұмыс істеуді,бір-біріне кедергі келтірмей, үйлесімді қимылдауды үйренді.Балалар ойынға белсене қатысып, қимыл-қозғалысты еркін әрі қауіпсіз орындау, би ырғағын сезіну, қоршаған ортаға назар аудару, және ең бастысы — өз қимылына жауапкершілікпен қарау сияқты маңызды дағдыларды меңгерді.Сабақ ерекше көңілді, шабытты әрі мазмұнды өтті. Балалар қозғалыс арқылы өз ойын жеткізуге, қиялын іске қосуға, топпен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Би қимылдарын ойнақы түрде орындау арқылы тәртіп ережелері жеңіл әрі түсінікті форматта сіңірілді.Іс-шара соңында балалар бір ауыздан келіскендей, қозғалыс – бұл тек қана дене жаттығуы емес, қиял мен шығармашылықтың, жауапкершілік пен қауіпсіздіктің үйлесімі екенін атап өтті. Олар өздерінің эмоцияларын ашық білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті.Іс-шара тәрбиелік, дамытушылық және танымдық сипатқа ие болды. Ол балалардың жеке қауіпсіздік туралы түсініктерін тереңдетіп, ортада өз-өзін ұстау мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізді. Іс-шараға 20 бала қатысты.

