Волшебники» қолданбалы шығармашылық шеберханасында «Мен және жол» тақырыбында тақырыптық викторина ұйымдастырылды. » «№6 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Есепші бөлімі:
+7(727) 296-38-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Волшебники» қолданбалы шығармашылық шеберханасында «Мен және жол» тақырыбында тақырыптық викторина ұйымдастырылды.
12
қыркүйек
2025

Волшебники» қолданбалы шығармашылық шеберханасында «Мен және жол» тақырыбында тақырыптық викторина ұйымдастырылды.

 
 «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Волшебники» қолданбалы шығармашылық шеберханасында «Мен және жол» тақырыбында тақырыптық викторина өткізілді. Іс-шара жеке қауіпсіздік бағытында ұйымдастырылып, балалардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру мен жол ережелері бойынша білімдерін бекітуге арналды.Іс-шараның негізгі бөлігі – «Бағдаршам көмекке асығады» атты танымдық викторина-ойыны болды. Ойын түрінде өткен бұл шара балалардың қызығушылығын арттырып, жол қауіпсіздігіне қатысты білімдерін тиянақтауға септігін тигізді. Қатысушылар түрлі тапсырмалар орындап, жол белгілерін тану, бағдаршамның рөлін түсіну, жаяу жүргіншілерге арналған ережелерді есте сақтау бойынша белсенділік көрсетті.Іс-шара барысында балалар үш топқа бөлініп, әр топ өз білімдерін логикалық сұрақтар, суреттермен жұмыс және жағдаяттық тапсырмалар арқылы көрсетті. Балалар бір-бірімен жарысып қана қоймай, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеп, ойын барысында достық атмосфера қалыптасты.Іс-шараға барлығы 35 адам қатысты. Қатысушылардың арасында мектеп жасындағы балалар, педагогтер мен шеберхананың қызметкерлері болды.Шара соңында белсенді қатысушыларға мадақтамалар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Балалар мен ата-аналар іс-шараның мазмұнына және ұйымдастырылу деңгейіне оң бағасын берді.
Ойынның мақсаты:
Жол қозғалысы ережелері бойынша білімді бекіту, балалардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру, бағдаршам мен жол белгілері туралы түсініктерін кеңейту.
Іс-шараны өткізген педагог:
Колесникова Л.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив