Мақтанышымыз » Страница 6 » «№6 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Есепші бөлімі:
+7(727) 296-38-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қолөнер үйірмелері мен сән  театры студиясы  Қырғызстан елінде,Бішкек қаласында  өткен  қолөнер    көрмесінің ашылуына барып, марапаттау рәсіміне қатысты.
17
қаңтар
2025
Қолөнер үйірмелері мен сән театры студиясы Қырғызстан елінде,Бішкек
 «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Салтанат» үлгілі қолданбалы  қолөнер  студиясы, «Планета волшебства», «Ренессанс" үлгілі  сән театры және «Волшебники» қолданбалы шығармашылық шеберханасы, Бішкек қаласында  өткен  қолөнер    көрмесінің ашылуына барып, марапаттау рәсіміне қатысты. «Ренессанс» сән театры студиясы 1 орынды, «Волшебники» қолөнер үйірмесі екі екінші және бір үшінші орынды иеленді.   Мұғалімдер: Рябко Н.И. Колесникова Л.П. Абдильдина С.Б.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы" тақырыбында ақын, Қазақстанның  халық жазушысы   Баян Қадірбайқызы Бекетовамен кездесу  өтті.
17
қаңтар
2025
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Болу үшін жаралғам туған
Алматы қаласы Білім басқармасы "N6 Оқушылар үйі" КМҚК ЮНЕСКО Клубының акт залында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы" тақырыбында ақын, Қазақстанның  халық жазушысы,  ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлінің 90 жасқа толуына байланысты еске алу әдеби кешінде ІІ Халықаралық Түркі поэзиясы фестивалінің лауреаты.," Сорос Қазақстан» Халықаралық қорының «Қазіргі заман поэзиясы» бәйгесінің жеңімпазы, Алматы қалалық
«Эрудит» білім беру   клубында «А.С.Пушкиннің ертегілері» тақырыбында  ашық сабақ өтті.
09
қаңтар
2025
«Эрудит» білім беру клубында «А.С.Пушкиннің ертегілері» тақырыбында
 «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Эрудит» білім беру  клубында «А.С.Пушкиннің ертегілері» тақырыбында  ашық   сабақ  өтті  және  «А.С.Пушкин ертегілерінің жолдарында» атты  балалар суреттерінің көрмесі  болды.  Өткізген қосымша білім беру  педагогы  Тамбовцева Ю.
"Акварель"бейнелеу өнері үйірмесінің  шәкірттері  "Абайлаңыз, тайғақ жол!" атты сурет көрмесін ұйымдастырды.
04
қаңтар
2025
"Акварель"бейнелеу өнері үйірмесінің шәкірттері "Абайлаңыз, тайғақ
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында N6 Оқушылар үйінің "Акварель"бейнелеу өнері үйірмесінің  шәкірттері қыс мезгілінде адамдардың  қауіпсіздік ережесін сақтау үшін  "Абайлаңыз, тайғақ жол!" атты сурет көрмесін ұйымдастырды. Балалар қысқы ойындар мен қысқы табиғатты ақ қағазға бейнелеп салып, каникул кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды.Жетекшісі : Мухамадиева Б. Ж.
"Редкие виды нуждаются в нашей защите" атты Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне арналған Халықаралық шығармашылық байқауына қатысқан "Палитра" бейнелеу өнері студиясының шәкірттері жүлделі орын алды.
04
қаңтар
2025
"Редкие виды нуждаются в нашей защите" атты Дүниежүзілік жануарларды
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Редкие виды нуждаются в нашей защите" атты Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне арналған Халықаралық шығармашылық байқауына қатысқан "Палитра" бейнелеу өнері студиясының шәкірттері Лукьянова Есения 1 орын, Лихачева Ульяна 1 орын, Алишерқызы Жасмин 1 орын алды. Шәкірттерімізді  жетістігімен құттықтаймыз!! Жетекшісі Ибрашева Салтанат Джалгасовна.
№6 Оқушылар үйінің ұжымы балаларға арналған Жаңа жылдық "Ғажайып сәт" атты ертегі- спектакль ұйымдастырды.
23
желтоқсан
2024
№6 Оқушылар үйінің ұжымы балаларға арналған Жаңа жылдық "Ғажайып сәт"
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында және Жаңа  жыл-2025 мерекесі карсаңында N6 Оқушылар үйінің ұжымы балаларға арналған Жаңа жылдық "Ғажайып сәт" атты ертегі- спектакль ұйымдастырды. Сахналық қойылымды тамашалауға қаламыздың кішкетай көрермендері мен ата - аналары келді. Олар ғажайып ертегіде  жақсылыққа ұмтылған сиқырлы орман кейіпкерлерімен бірге болып, жамандық жасауды  жақсы көретін Мыстанкемпір мен оның досы Кикимораны жеңді, олар балалардан кешірім сұрады. Балалар біздің ертегі
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында біздің N6 Оқушылар үйінде Түрксіб ауданының ең  басты шыршасын жағу  мерекелік кеші ұйымдастырылды.
20
желтоқсан
2024
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында біздің N6 Оқушылар үйінде
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында біздің N6 Оқушылар үйінде Түрксіб ауданының ең  басты шыршасын жағу  мерекелік кеші ұйымдастырылды.Мерекені тамашалауға аудан тұрғындары мен жасөспірімдер, балалар келді. Түрксіб ауданы Әкімдігі аппаратының қолдауымен өткен шырша жағу концертіне  Аяз ата, Ақшақар және көңілді сайқымазақтар қатысты. Өнерлі шәкірттеріміз  ән шырқады, би биледі. Кеш өте көңілді өтті. Баршаңызды алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!! 
Халықаралық "Самғау" балалар мен жасөспірімдер арасында өткен  ән - би байқауында "Дәстүрлі ән" үйірмесінің шәкірттері жүлделі орын  алды.
20
желтоқсан
2024
Халықаралық "Самғау" балалар мен жасөспірімдер арасында өткен ән -
Халықаралық "Самғау" балалар мен жасөспірімдер арасында өткен  ән - би, өнер байқауында "Дәстүрлі ән" номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткен  Ордағұл Ибрахим және  Нұрболат Еркежан марапатталды. Құттықтаймыз!Жетекшісі Оралхан А. Т.
"Сенім" үлгілі вокалды хор студиясының шәкірттері "АСЫЛТАС" қорының бір жылдық есеп беру концертінде өнер саңлақтарымен бірге " ЖАС САХНА"  театрында ән шырқады.
20
желтоқсан
2024
"Сенім" үлгілі вокалды хор студиясының шәкірттері "АСЫЛТАС" қорының
 "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында N6 Оқушылар үйінің "Сенім" үлгілі вокалды хор студиясының шәкірттері "АСЫЛТАС" қорының бір жылдық есеп беру концертінде өнер саңлақтарымен бірге " ЖАС САХНА"  театрында ән шырқады. Жетекшісі Кудерина Турсынай Метербаевна. 
Үйірмешілер арасында қазақтың ұлттық ойыны асық ойнау   ұйымдастырылды.
09
желтоқсан
2024
Үйірмешілер арасында қазақтың ұлттық ойыны асық ойнау
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында N6 Оқушылар үйінің үйірмешілер арасында қазақтың ұлттық ойыны асық ойнау   ұйымдастырылды. Ойынға ұлдармен бірге  қыздар да қатысты.Ұйымдастырушы Китапиянов А.Д.