Ақпарат » «№6 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Есепші бөлімі:
+7(727) 296-38-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қала күні мерекелік концерт
19
қыркүйек
2026
Қала күні мерекелік концерт
19.09.2026 ж. Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №6 Оқушылар үйі Түрксіб ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, Қала күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды.  Концертке №6 Оқушылар үйінің өнерлі шәкірттері мен эстрада жұлдыздары қатысып, мерекелік кештің сәнін келтірді. Мерекелік концертті аудан тұрғындары, қала қонақтары және ата-аналар тамашалап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Барша Алматы тұрғындарын Қала күнімен құттықтаймыз!
«Almaty: Bala.Art.» мың бала қалалық сурет плэнері
18
қыркүйек
2026
«Almaty: Bala.Art.» мың бала қалалық сурет плэнері
18.09.2026 ж. Қала күніне орай «Almaty: Bala.Art.» мың бала қалалық сурет плэнері ұйымдастырылды. Іс-шараға №6 Оқушылар үйі «Палитра» бейнелеу үйірмесі, «ОЮ» бейнелеу және қолданбалы өнер студиясы, «Жас суретші» үйірмесінен 85 оқушы қатысып, «Болашақтың Алматысы» тақырыбында өз қиялындағы  әсем қала келбетін бейнеледі. Алматы қаласында өткен аталған ауқымды жоба Қазақстанның Рекордтар кітабына енді.🇰🇿 Барша қатысушыларға шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер және толағай табыстар тілейміз!