«№6 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Есепші бөлімі:
+7(727) 296-38-85
Нашар көрушілер
нұсқасы

Қош келдіңіздер!

Толығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Ұстаздар күніне мерекелік концерт!
02
қазан
2026
Ұстаздар күніне мерекелік концерт!
02.10.2026 ж. Алматы қаласы  Түрксіб ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен аудандық ұстаздар мерекесінде №6 Оқушылар үйінің Үлгілі «Экзерсис» хореографиялық студиясы, «Мәр-мәр» жетігеншілер тобы және үлгілі «Сенім» вокалдық-хор ансамблі өнер көрсетті. Ұстаздарымызға еңбектеріңізге шығармашылық шабыт, мықты денсаулық, толағай табыс және шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілейміз! 
1 қазан - Халықаралық қарттар күні!
01
қазан
2026
1 қазан - Халықаралық қарттар күні!
01.10.2026 ж. Алматы қаласы Білім басқармасы №6 Оқушылар үйі Түрксіб ауданы әкімдігімен бірге 1 қазан - Қарттар күні мерекесіне орай аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, аудан ардагерлерімен флешмоб  және мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – қарттарға деген ізет пен сыйластықты дәріптеп, олардың жүрегіне жылулық сыйлау. Мерекелік іс-шара барысында әсем әндер шырқалып, мыңбұралған билер мен әсерлі құттықтаулар ұсынылды. Шара жоғары деңгейде өтті. Қарттар күні құтты болсын!
Қала күні мерекелік концерт
19
қыркүйек
2026
Қала күні мерекелік концерт
19.09.2026 ж. Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №6 Оқушылар үйі Түрксіб ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, Қала күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды.  Концертке №6 Оқушылар үйінің өнерлі шәкірттері мен эстрада жұлдыздары қатысып, мерекелік кештің сәнін келтірді. Мерекелік концертті аудан тұрғындары, қала қонақтары және ата-аналар тамашалап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Барша Алматы тұрғындарын Қала күнімен құттықтаймыз!
«Almaty: Bala.Art.» мың бала қалалық сурет плэнері
18
қыркүйек
2026
«Almaty: Bala.Art.» мың бала қалалық сурет плэнері
18.09.2026 ж. Қала күніне орай «Almaty: Bala.Art.» мың бала қалалық сурет плэнері ұйымдастырылды. Іс-шараға №6 Оқушылар үйі «Палитра» бейнелеу үйірмесі, «ОЮ» бейнелеу және қолданбалы өнер студиясы, «Жас суретші» үйірмесінен 85 оқушы қатысып, «Болашақтың Алматысы» тақырыбында өз қиялындағы  әсем қала келбетін бейнеледі. Алматы қаласында өткен аталған ауқымды жоба Қазақстанның Рекордтар кітабына енді.🇰🇿 Барша қатысушыларға шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер және толағай табыстар тілейміз! 
Шеберлік сабақ
10
қыркүйек
2026
Шеберлік сабақ
10.09.2026 ж. 18 қыркүйек өтетін қала күніне арналған қалалық балалар плэнері қарсаңында «Заманауи мегаполис ырғағы» тақырыбында №6 Оқушылар үйінің сурет үйірмесі шәкірттері арасында шеберлік сабағы өтті!
1 қыркүйек – Білім күні!
01
қыркүйек
2026
1 қыркүйек – Білім күні!
01.09.2026 ж. Алматы қаласы Білім басқармасының №6 Оқушылар үйінде 1 қыркүйек – Білім күніне орай мерекелік іс-шара өтті!  Мақсаты: оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жаңадан келген үйірме оқушыларын үйірме бағыттарымен таныстырып, шығармашылық бағыт-бағдар беру. Іс-шара барысында көңілді сұрақ-жауап ойындары, флешмоб және түрлі үйірмелерде шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.  Ата-аналарға үйірмелердің бағыттары мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері туралы ақпарат