«Елімнің жарқын болашағы: Бірлік.Рух.Тәуелсіздік!» » «№6 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Есепші бөлімі:
+7(727) 296-38-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Елімнің жарқын болашағы: Бірлік.Рух.Тәуелсіздік!»
20
қазан
2026

«Елімнің жарқын болашағы: Бірлік.Рух.Тәуелсіздік!»

Алматы қаласы Турксіб ауданында 25 - қазан Республика күніне орай «Елімнің жарқын болашағы: Бірлік. Рух.Тәуелсіздік!» атты ауқымды патриоттық іс-шара өтті!

Турксіб ауданының Білім бөлімі мен Nº6 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен өткен мерекеде 2000 оқушы бір мезетте Мемлекеттік Әнұранды және Алкеев Біржан Тасқайнатұлының  әні мен сөзіне жазылған «Республика күні» атты авторлық әнін орындап, аспанды әнге бөледі. 

«Жанды ту» композициясы: мыңдаған бала алаңда еліміздің Көк туын бейнеледі.

Ұлттық нақыш: Nº83 мектеп гимназиясы «Шабыт» қазақ халық аспаптар оркестрі өз өнерімен көпшілікті тәнті етті.

Арт-челлендж: 500 жас суретші өз туындыларында Қазақстанның бай мұрасы мен жарқын болашағын бейнелеп шықты.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз туғырлы болсын!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив