“ОЮ” бейнелеу және қолданбалы өнер студиясында “Күз – мереке, күз – береке” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
“ОЮ” бейнелеу және қолданбалы өнер студиясында “Адал азамат” бағдарламасы аясында “Күз – мереке, күз – береке” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға барлығы 35 бала қатысты.Шараның мақсаты – балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін таныстырып, табиғаттағы әсем өзгерістер туралы түсінік беру, күздің түрлі реңктері мен бояуларын көркемдік тұрғыда қабылдай білуге үйрету болды.Сабақ барысында балаларға күз туралы қызықты мәліметтер мен бейнематериалдар ұсынылып, күзгі табиғаттың көріністері, ауа райындағы өзгерістер, жапырақтардың сарғаюы мен түсуі, күзгі егін жинау сияқты маусымдық ерекшеліктер туралы әңгіме жүргізілді.Оқушылар күз туралы өз ойларын ортаға салып, әсерлерімен бөлісті. Әр бала күзді өз көзқарасы бойынша сипаттап, жылы түстер мен табиғи реңктердің маңызын түсінуге тырысты. Сонымен қатар, балалар шығармашылық жұмыстарға белсене қатысып, күз тақырыбына суреттер салып, түрлі табиғи материалдардан (жапырақ, бұтақ, жаңғақ, т.б.) қолданбалы өнер туындыларын жасады.Іс-шара соңында балалардың еңбектері көрмеге қойылып, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. Балалар бұл шарадан үлкен әсер алып, күздің сұлулығын өнер арқылы жеткізудің маңызын сезінді. “Күз – мереке, күз – береке” атты тәрбие сағаты балалар үшін танымдық әрі шығармашылық тұрғыда пайдалы іс-шара болды.


