«Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты аудандық кездесу ұйымдастырылды. » «№6 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-74-18
Есепші бөлімі:
+7(727) 296-38-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты аудандық кездесу ұйымдастырылды.
10
қазан
2025

«Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты аудандық кездесу ұйымдастырылды.

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №6 Оқушылар үйі және Түрксіб ауданының Білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Адал Азамат» бағдарламасы аясында «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты мазмұнды да мәнді кездесу өткізілді. Шараға Түрксіб ауданына қарасты жалпы білім беретін мектептерден 100-ге жуық әке қатысты.Кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздылығы кеңінен сөз болды. Отбасындағы әке беделін көтеру, балаға рухани тәрбие беру жолындағы әкенің жауапкершілігі мен үлесі, сондай-ақ қазіргі замандағы тәрбиелік бағыттағы өзгерістер жайлы терең талқылау жүргізілді.Кештің құрметті қонағы – психолог, жазушы, сондай-ақ «Әке – асқар тау» республикалық әкелер клубының жетекшісі Алғадай Әбілғазыұлы болды. Ол шараға арнайы шақырылып, көпшілікпен өз іс-тәжірибесімен, өмірлік ой-толғамдарымен және тәжірибелік кеңестерімен бөлісті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты әрі әсерлі жауаптар беріп, кездесуге ерекше серпін берді.Алғадай Әбілғазыұлы қазіргі қоғамдағы әке тұлғасының әлсіреу қаупіне назар аудартып, әкелердің отбасындағы орны мен жауапкершілігін арттыру жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, балаға үлгі болатын мінез-құлық, отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті, әке мен бала арасындағы сенімділіктің маңыздылығы туралы маңызды ойларымен бөлісті. Психологиялық тұрғыдан да нақты әдіс-тәсілдер ұсынылды.Шараның негізгі мақсаты – бала тәрбиесінде әке рөлін нығайту, отбасы институтының тұрақтылығын қамтамасыз ету, әке беделін арттыру арқылы ұрпақ тәрбиесінде отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау болып табылды. Бұл бағытта түрлі баяндамалар тыңдалып, қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.Мектеп өміріне белсене араласып, түрлі қоғамдық және тәрбиелік шараларға атсалысып жүрген белсенді әкелер Түрксіб ауданы Білім бөлімінің басшысы Ж.К. Жылкишинаның атынан арнайы мадақтамалармен марапатталды. Бұл құрметті марапаттар қатысушы әкелерге зор серпін беріп, олардың алдағы уақытта да қоғамдық белсенділігін арттыруға себепші болары сөзсіз.Осындай тағылымды кездесулер – ұрпақ тәрбиесінде әке мен ананың тең серіктестігін нығайтуға, отбасындағы жылы қарым-қатынасты қалыптастыруға және жалпыадамзаттық құндылықтарды бала бойына сіңіруге зор ықпал етеді. Шара барысында айтылған маңызды ойлар мен ұсыныстар алдағы уақытта да осындай кездесулердің жиі ұйымдастырылуы қажеттігін көрсетті.Қорытындылай келе, бұл бастама – әкелердің отбасылық және қоғамдық рөлін жандандырып, олардың бала тәрбиесіне белсенді араласуына жол ашатын, болашаққа бағдар болатын игі іс-шара ретінде есте қалды.






             

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив