№6 Оқушылар үйінде 1қазан - Қарттар күніне арналған рухани кездесу
Іс-шара Алматы қаласы Түрксіб ауданы Ардагерлер кеңесімен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл күн бізге аға буынға деген құрмет пен алғыс сезімін сақтау қаншалықты маңызды екенін тағы бір еске салды. Жайлы да жылы атмосферада шынайы алғыс сөздері, әндер мен ақжарма тілектер айтылды. Қадірлі қонақтарымыз күлімдеп, естеліктерімен бөлісті, ал олардың көздерінен қуаныш пен мейірім нұры төгілді.Осындай кездесулердің арқасында қасымызда әрқашан үлкендердің даналығы, тәжірибесі мен кең пейілділігі бар