1 қазан - Халықаралық қарттар күні!
01.10.2026 ж. Алматы қаласы Білім басқармасы №6 Оқушылар үйі Түрксіб ауданы әкімдігімен бірге 1 қазан - Қарттар күні мерекесіне орай аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, аудан ардагерлерімен флешмоб және мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – қарттарға деген ізет пен сыйластықты дәріптеп, олардың жүрегіне жылулық сыйлау. Мерекелік іс-шара барысында әсем әндер шырқалып, мыңбұралған билер мен әсерлі құттықтаулар ұсынылды. Шара жоғары деңгейде өтті. Қарттар күні құтты болсын!